Дүйсенбі, 12 Мамыр 2025
5811 4 пікір 19 Қаңтар, 2018 сағат 09:22

Сауд Арабия қырғыздарға қажылыққа баратын квотаны көбейтті

Сауд Арабия билігі 2018 жылы Қырғызстан азаматтарына Меккеге қажылыққа бару үшін 5 мың 400 орын бөлді. Бұл жөнінде Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы мәлімдеді.

Қажылыққа барушыларды электронды тізім арқылы іріктейді. 12 ақпанға дейін әуе компаниялары арасында тендер өткізеді екен.

Биыл Меккеге қажылыққа бару тамыз айына сәйкес келеді. Ниет еткендер Сауд Арабияға шілде айында аттанады.

2017 жылы Сауд Арабия билігі Қырғызстанға 4760 орын бөлген. Ол кезде қажылық құны әр адам үшін 2760 долларды құраған.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2205
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 3861