АҚШ-тың бұрынғы елшілері Трамптың Африкаға қатысты сөзіне наразылық білдірді
АҚШ-тың Африка елдеріндегі ондаған бұрынғы елшілері президент Дональд Трамптың атына үндеу жасап, оның Африка елдеріне қатысты айтқандарына алаңдаушылық білдірген. Олардың пікірінше, Америка мүддесін қорғауда маңызды шешім - сыйластық деген.
Трампқа хатты 78 елдің бұрынғы елшілері мен Африка жөніндегі мемлекеттік хатшының бұрынғы көмекшісі Линду Томас-Гринфилд жазған. Президентке хатта "құдайдың теңдессіз сыйлаған табиғи қорларына бай" 54 елдің континентіне көзқарасын өзгертуге шақырып, АҚШ-пен терең тарихи байланысын алға тартқан.
Трамп болса, өткен аптада иммиграция жөніндегі заң жобасын кері қайтарған кезде, Африка елдерін "тесік-елдер" деп атағанын теріске шығарды. Алайда куәгерлер оның осылай деп айтқанын нақтылайды. Трамптың сөздеріне байланысты Африкамен одақтас елдер наразылық білдірген болатын.
Abai.kz