Тәжікстан ислам өркендеу партиясын тәжіктерді Сирияға жіберді деп айыптады
Үкіметтің «Ховар» агенттігі елде тыйым салынған Тәжікстан ислам өркендеу партиясы ТИӨП жастарды Сирияға соғысқа жіберді делінетін материал жариялады.
21 қаңтарда жарияланған мақалада ТИӨП басшылары Сирияға жіберген тәжіктердің дені соғыста қаза болғаны айтылып, "олардың қаны партия басшыларының мойнында" делінген. Мақала атворлары партия тарихына қысқаша тоқталып, одан соң Таяу Шығысқа осы партияны қолдау үшін аттанған тәжік азаматтарының тізімін келтірген.
Онда Соғды облысы Спитамен ауданының 35 жастағы тұрғыны Сайфиддин Тәжібаевтың есімі аталған. Ол партияның аудандық бөлімін басқарған, қазір Сириядағы «Жабхат ан-Нусра» террористік ұйымын басқарушылардың бірі делінген.
Тәжібаевты террористік ұйымның өзбек қауымын басқарады деп атады. Сирияда оның бауыры Иброхим Ином соғысып жүр делінген материалда.
ТИӨП ұйымының шетелдегі басшылығы экстремистік немесе террористік топтарға қатысы бар деген айыптарды жоққа шығарып отыр.
Abai.kz