Сенбі, 23 Қараша 2024
3578 0 пікір 22 Қаңтар, 2018 сағат 08:33

Франция Түркияның әрекетіне байланысты БҰҰ ҚК шұғыл отырысын шақыруды талап етті

Франция Түркияның Сириядағы күрд ауданында жүргізген әскери қимылдарына байланысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жиынын шақыруды талап етеді. Бұл туралы француз сыртқы істер мекемесінің басшысы Жан-Ив Ле Дриан хабарлады.

Сенбі күні Түркия қарулы күштерінің бас штабы Африн аумағындағы күрд жасағына қарсы операция бастағанын жариялады. Бұл аймақ Сирия мен Түркия шекарасына жақын маңда орналасқан. Түркия премьер-министрі Бинали Йылдырым 21 қаңтарда авиация және бронды техниканың қатысуымен әскери операция басталғанын растады.

АҚШ-тың әскери операция аймақтағы жағдайды қиындатып жібереді деген ескертуіне қарамастан, Түркия осындай қадамға барған. Түрік мемлекеттік Анадолу агенттігінің хабарлауынша, күрдтердің "Халық қорғанысы жасағына" (YPG) қарсы "Зәйтүн бұтағы" әскери операциясын Дамаск билігіне оппозиция саналатын "Сириялық еркін әскер" қолдап отыр.

Түркия күрд милициясын тыйым салынған Күрдістан жұмысшы партиясымен (PKK) байланысы бар деп айыптады. PKK 30 жылдан бері Түркияның оңтүстік-шығысында бүлік жүргізіп отыр. Бұл ұйымды Түркия, АҚШ және Еуропалық одақ террористік топ деп есептейді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407