Гейтс ірі қара малды будандастыруға 40 млн доллар бөлді
Америкалық ірі кәсіпкер Билл Гейтс мінсіз әрі өнімді ірі қара мал өсіру үшін 40 миллион доллар бөлді. Business Insider басылымының хабарлауынша, ақша генетикалық зерттеумен айналысатын GALVmed ұйымына берілген.
Гейтстің сөздеріне қарағанда, жаңа сиырлар сапалы сүт беріп ғана қоймай, ыстықты да жақсы көтеруі мүмкін. Сиырлардың мұндай жаңа түрі жер бетіндегі кедей аймақтың өмір сүру деңгейін көтереді.
Билл Гейтс - әлемдегі ең ірі Билл және Мелинда Гейтс қайырымдылық қорларының негізін қалаушы. Кәсіпкер осыған дейін де түрлі ауруларға қарсы вакцина шығару үшін де ақша бөлген.
Abai.kz