Бейсенбі, 15 Қазан 2026
5004 1 пікір 29 Қаңтар, 2018 сағат 09:22

Ақтөбеде өртенген автобустың тірі қалған жүргізушілері екі айға қамалды

Ақтөбе қаласы №2 сотының судьясы Алима Адилова Өзбекстанның 52 азаматының өліміне себепші болды деген Нұржан Қырғызбаев, Мақсат Пернебеков және Барат Таңатовты екі айға қамау туралы шешім шығарды.

Мемлекеттік айыптаушы Осман Орынбасардың сөздерінше, күдіктілер автобус салонын жылыту үшін, өрт қауіпсіздігі ережесін бұзып, дәнекерлеуші шам қолданған.

Өртенген автобустың жүргізушісі, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 50 жастағы Нұржан Қырғызбаев өзіне тағылған күдікті теріске шығармаған. Ал кәмелетке толмаған үш баланың әкесі Мақсат Пернебеков сотта өзіне тағылған айыптарды мойындамай, өрт болғанға дейін ұйықтап қалғанын айтқан. Барат Таңатов болса, жүргізуші емес екенін, автобуста жолаушылардың бірі болғанын мәлімдеген. Жеті баланың әкесі Таңатов өзін соттамауын сұраған.

18 қаңтарда Ресейге бет алған жолаушы автобусы Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы маңында өртеніп кеткен. 52 адам қаза тауып, бесеуі аман қалған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1014
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1367