Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2277 0 пікір 10 Маусым, 2009 сағат 21:33

Арал БАЙЖІГІТОВ. «АУРУ БОЛҒЫҢ КЕЛСЕ, АУРУХАНАҒА БАР»

Осы күні «балтыры сыздап, басы ауырмайтын» пенде кемде-кем. Сондайда әуелі Аллаға сыйынып, денсаулық сақшыларына сенім артып алдына барады. Бірақ, бүгінгі ахуалға көз жіберсек, денсаулық саласының өзі жәрдемге зәру екеніне көз жетеді.
Денсаулық саласы нысандарына тексеріс жүргізген аудандық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы осындай қорытынды жасап отыр.
Біріншіден, нысандардағы судың тапшылығы сондай күні-түні шүмек бағумен уақыт өткізуге мәжбүрлік бар. Мәселен, Мақат ауданындағы (Атырау облысы) орталық аурухананы сумен үзіліссіз жабдықтау үшін қосымша резервуар мен сорғы қондыру шарасы алынбай отырғаны былай тұрсын, жұқпалы бөлімнің жертөлесі кәріз суынан кілкіп тұрғанын СЭС ашық мәлімдеді. Ал, балалар бөлімшесінде кәріз су жүйесі тіптен жасамайды. Ең сорақысы, босанғаннан кейінгі әйел мен баланы әдіптеу үшін қажетті су әйелдер босанатын бөлімде тағы жүрмейді. Сол секілді, жалпы бөлімнің егу, әжетхана мен жуынатын бөлмесінде кәріз су жүйесі жұмыс істемейді әрі жөндеу жұмыстарын қажетсінеді. Сала қызметкерлерінің қандай қиындыққа да көніп келе жатқанын осыдан-ақ бағамдауға болатындай.
Бұл аз десеңіз, орталық аурухананың кір жуатын орны апаттық жағдайдағы ескі ғимаратта орналасқан. Сусыз жерде тазалықтың сақталмасы, ал, тазалық болмаған жерде денсаулықтың оңайлықпен оңалмасы бесенеден белгілі жайт.

Емханада бұған дейін де жазғанымыздай, рентген аппаратурасы әлі күнге іске қосылмай тұрғаны, сол себепті қол-аяғы сынған жандарды жанын көзіне көрсетіп ойдым жолмен Доссорға апаруға тура келеді.
Сол айтқан Доссордың өзінде өкінішке орай жағдайдың оңып тұрмағаны және белгілі. Айталық, мұндағы аудандық аурухананың қайғысы Мақаттағымен бірдей. Оған қоса ауруларға арналған киімдер, төсек орын, аяқ киім мен медициналық халаттар жетіспейді. Барының өзін ілдәлдалап пайдаланған күннің өзінде залалсыздандыруға мүмкіндік жоқ. Бар қондырғы қондырылмай, қаңтарылғанына да үш жылдың жүзі бопты.
Санитарлық-техникалық жағдайы қанағаттандырғысыз және бір мекеме-Досор аудандық өкпе аурулар ауруханасы жөндеу жұмыстарын қажет етеді. Бірақ, оған енді қаражаттың жұмсалмайтынын ашық айтқан жөн. Өйткені, жаңадан салынған ғимаратқа «бүгін-ертең көшедімен» күндер өтуде. Өткен жылдың желтоқсанында тапсырылуы керек аурухана әлі күнге пайдалануға берілмей отыр.
Жаза жаза жауыр болған мүрдехана мәселесі де шешімін таппай келеді. Соның салдарынан патолого-анотомиялық және соттың сараптау шаралары жүргізілмей, өлімнің себептері анықталмауда.
Адамдардың әлеуметтік тұрмысқа байланысты қажеттілігі артқан сайын көрсетілетін барлық қызметтердің жоғары сапада болуын талап етеді. «Байтал түгел бас қайғы» боп жүрген денсаулық сақшылары жағдай жасалмағандықтан мұндай талаптан шығып отыр дей алмаймыз. Оған жоғарыда келтірілген мысалдар дәлел.
Көзге көрінбейтін қалтарыстағы күрмеулі мәселелерді шешуге, халықтың сапалы медициналық көмек алуына жағдай жасауға биліктің біраз тер төгуіне тура келеді. Қаржыны қай арнаға құю керектігі де көрініп тұр. Қанша жерден дағдарыс десек те, денсаулық саласына бір тиынды да аямау қажет. Оның үстіне түрлі қатерлі аурулардан алдына жан салмайтындығымыз жасырын емес.
Сондықтан, сын айтылды екен деп «тонды теріс айналдырып киюді» қойып, ортақ міндет үшін отқа да күйіп, суға да түсе білетіндігімізді іспен дәлелдеген жөн. Әйтпесе, «ауырғың келсе, ауруханаға бар» деп жүрген халық ащы мысқалын әзір қоя алмас...

Мақат кенті,
Атырау облысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5525