Сенбі, 23 Қараша 2024
Ауыс-түйіс 5944 10 пікір 1 Ақпан, 2018 сағат 19:13

Мұхтар Құл-Мұхаммед - Сенатор, Мәулен Әшімбаев - "Нұр Отан" төрағасының орынбасары болды

Ақорда ауылында тағы да ауыс-түйіс болды. Бұл жолы "Нұр Отан" партиясының орынбасар төрағасы Мұхтар Құл-Мұхаммед қызметінен босатылды. Президент пәрмен беріп, жарлыққа қол қойды.

Енді экс-орынбасар Парламент Сенатында отыратын болды. Иә, өткен желтоқсанда ғана 57 жасқа толған Мұхтар Абрарұлы енді Сенатор.

Оның орнына Мәжіліс депутаты Мәулен Әшімбаев "Нұр Отан" партиясы төрағасының бірінші орынбасары болып тағайындалды.

"Бүгін Мемлекет басшысы "Нұр Отан" партиясының орталық аппаратында болды.
Нұрсұлтан Назарбаев атқарған жұмысы үшін Мұхтар Құл-Мұхаммедке алғыс айтып, партия Төрағасының жаңа бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаевты таныстырды", - деп жазылған Ақорданың "Фейсбуктегі" ресми парақшасындағы ақпарда.

Мәулен Сағатханұлы Әшімбаев осыған дейін Парламент Мәжілісінің "Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік Комитетін" басқарып келген. Ал 2012-2016 жыл аралағында Мәжілістің V-шақырылымында депутат болды. 2016 жылы VI-шақырылым депутаты болып қайта сайланды.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5359