Жұма, 4 Қыркүйек 2026
5139 1 пікір 2 Ақпан, 2018 сағат 09:32

Элис Уэллс Ташкентте өзбек белсенділерімен кездесті

АҚШ мемлекеттік хатшысының Оңтүстік және Орталық Азия мәселелері жөніндегі көмекшісінің бірінші орынбасары Элис Уэлсс 1 ақпанда Ташкентте азаматтық қоғам белсенділерімен кездесті. Бұл туралы Озодлик радиосына осы кездесуге қатысқан тәуелсіз журналист Абдурахман Ташанов хабарлады.

"АҚШ Мемлекеттік департаментінің жоғары лауазымды шенеунігін президент Шавкат Мирзияевтің азаматтық қоғамға қатысты саясаты қызықтырды, сонымен бірге толғандыратын мәселелерді сұрады. Біз оған елдегі елеулі өзгерістер мен өзекті проблемалар туралы айтып бердік", - деді Ташанов.

Америкалық делегация өкілдері Мирзиев жүргізіп жатқан саясатқа көңілдері толатынын және қолдауға дайын екендіктерін білдіріп отырды, деді журналист.

Элис Уэллс Ташкентте Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камиловпен, Сенат төрағасының бірінші орынбасары Содик Сафоевпен және Өзбекстан президентінің Ауғанстан жөніндегі арнайы өкілі Исматилла Эргашевпен кездескен.

29 қаңтарда АҚШ Мемлекеттік департаменті Элис Уэллс сапарының мақсаты - "президент Мирзияев реформаларының жеткен жетістіктерін талқылау" екенін хабарлаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 790
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2112
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 533
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 510