Сенбі, 23 Қараша 2024
3791 0 пікір 2 Ақпан, 2018 сағат 09:47

АҚШ қаржы министрлігі "кремльдік баяндамадағы" құпия тараудың қажеттілігін түсіндірді

АҚШ қаржы министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің айналасындағы шенеуніктер мен кәсіпкерлер туралы құжат - "кремльдік баяндамадағы" құпия тараудың қажеттілігін түсіндірді. Құпия тарау тізімдегі адамдардың санкцияға ілігетін компаниялардағы активтерін "алып қашпау" үшін қажет болған.

Бұл туралы америкалық қаржы министрлігінің өкілі Тони Сэйег Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында мәлімдеген.

Ол баяндаманы көпшілік дұрыс түсінбей қалғанын айтты. Баяндаманың жалпыға қолжетімді бөлімі ашық дереккөздерге негізделген. Ал құпия сақталатын бөлімінде құпия дереккөздер қолданылған.

Қаржы министрлігінің өкілі бұл тізімді санкция ретінде қарастыруға болмайтынын ескертті. Дегенмен, Сэйегтің хабарлауынша, министрлік Ресейдің жағымсыз әрекетіне қарсы тұру мақсатын көздейді.

30 қаңтарда АҚШ-тың қаржы министрлігі Ресей президенті Владимир Путиннің санкцияға ілігуі мүмкін жақтастарының тізімін - "кремльдік баянадамасын" жариялады. Құжатта 210 адамның есімі аталады. Олардың арасында Путин әкімшілігінің қызметкерлері, мемлекеттік корпорациялар басшылары, құққыққорғау мекемелерінің жетекшілері және олигархтар бар. Баяндама жарияланған соң АҚШ қаржы министрі Стивен Мнучин осы құжаттың негізінде Ресейге қатысты жаңа шектеулер енгізілуі мүмкін екендігін мәлімдеді. Олардың нақты қандай санкциялар екендігін министр айтқан жоқ.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5354