Сейсенбі, 22 Қыркүйек 2026
4737 0 пікір 7 Ақпан, 2018 сағат 11:12

Британ мүсіншісін Каримов ескерткішін жасаудан бас тартуға шақырды

Өзбек саяси эмигранттар британ мүсіншісі Пол Дэйге ашық хат жолдап, оны Өзбекстанның алғашқы президенті Ислам Каримов ескерткішін дайындаудан бас тартуға шақырды.

Саяси эмигранттар мүсіншіге жазған хатын "Пол Дэй бұрынғы өзбек диктаторының мүсінін тұрғызатын болса, Каримов құрбандарының қаны мүсінші абыройына дақ боп түседі" деп атап, оны ​OpenDemocracy сайты мен«Орталық Азиядағы адам құқықтары» Қауымдастығы сайтына жариялады.

Ашық хат авторлары Ислам Каримовты 2005 жылы Әндіжандағы бейбіт шеруге шыққандарды қырды, құл еңбегін пайдаланды, балаларға мақта тергізді, саяси бақтасталастарын қудалады деп айыптады. Олар Пол Дэйдің мүсін үшін алатын ақшасын "лас" деп атады.

Еске салайық, өткен жылы мамырда Ислам Каримовтың кенже қызы Лола Каримова-Тилляева Мәскеу орталығындағы саябаққа орнатылатын ескерткішті британ мүсіншісі Пол Дэй дайындайды деп хабарлаған. Бұл саябаққа Каримов есімі 2016 жылы қарашада берілген. Сол кезде саябақ орналасқан аудан депутаттары Өзбекстанның алғашқы президентіне ескерткіш орнатылуына қарсы шыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1382
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2963
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1028
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 966