Сенбі, 23 Қараша 2024
3752 9 пікір 8 Ақпан, 2018 сағат 08:54

Ресейлік хакерлер АҚШ-тың әскери-өнеркәсіп компанияларына шабуылдаған

Ресейлік хакерлер АҚШ қорғаныс министрлігімен әріптес ірі компаниялардың мәліметтерін алған. Зымыран, ұшқышсыз ұшақ және жойғыш ұшақ жасаушы 90-ға жуық қызметкер шабуылға ұшыраған. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Хакерлер нысанаға алған компаниялар арасында Boeing және Airbus, сонымен бірге көптеген ірі фирмалар бар. Қызметкерлердің жарымы хакерлердің жалған хаттарын ашып оқыған. Олардың нақты қандай ақпаратты ұрлағаны белгісіз. Бірақ бұл жобалардың көбісі құпия сақталып келген еді.

Associated Press мәліметіне қарағанда, шабуылға Fancy Bear тобының қатысы бар. АҚШ арнайы қызметі оны 2016 жылы америкалық сайлауға араласты, Кремльге жұмыс істеді деп айыптады. Мәскеу хакерлер қолдауын талай мәрте жоққа шығарған.

Сарапшылар қолды болған мәліметтер Ресейге ұшқышсыз ұшақтар әзірлеуге көмектеседі деп есептейді.

Abai.kz

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5381