Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Әне, көрдің бе? 4747 13 пікір 9 Ақпан, 2018 сағат 18:57

Ақ олимпиада: екі Корей бірігіп, ал РФ командасы тусыз шықты

XXIII қысқы Олимпиадалық ойындардың ашылу салтанаты дәл қазір Оңтүстік Корейдің Пхенчан қаласында өтіп жатыр. Осы уақытта Ақ Олимпиаданың басты қаһармандары - 92 мемлекеттен келген 3000 спортшы салтанатты шеруді жүріп өтті.

Бұл жолғы Олимпиаданың бәсі бұрынғыдан  өзгерек болмақ. Олай дейтініміз, Ресейден барған спортшылар тусыз шықты. Халықаралық Олимпиада комитетінің шешімі солай болды. Тіпті, даудың қызып тұрған шағында Ресей құрамасы Олимпиададан мүлде шеттетіледі деген сөз болған. Кейін, допинг сынамасынан таза шыққан спортшыларды Олимпиада байрағының астында жарысқа жіберу туралы шешім қабылданды.

Бұл бұл ма, Олимпиада  екі жүйеге бөлінген екі Корей Республикасының командалары бірігіп шықты. Бір тудың астында шерулетіп өтті. Тіпті, трибунада тұрған қос мемлекеттің басшылары бір-бірін құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатты.

Өткен жолы Солтүстік Корея құрамасы Пхенчанға келгені туралы хабар әлемдік БАҚ-ты шарлады. Солтүстік Кореядан ұзын-ырғасы 280 адам келген. Оның 200-ге жуығы жанкүйерлер.  Бұл делегацияның құрамында 26 таэквондист пен 21 журналист және 4 шенеунік бар. Бүгін екі Корей елі бір тудың астында болды.

Бұл жолғы Олимпиадада екі Корей бір хоккей құрамасын жасақтап шықты. Әйелдер арасындағы хоккей додасында бір құрама жасақтады. Оның құрамында Солтүстік Корейдің 12, Оңтүстік Корейдің 23 спортшысы енген. Команданың аты - "Корей".

Әнұран ретінде екі Корейге ортақ "Ариран" ұлттық әні орындалады.

Тағы бір даулы мәселе - Ақ Олимпиаданы ұйымдстырушылар жеңімпаздар мен қатысушы спортшыларға  кәде-сый ретінде ұсынылатын ең соңғы нұсқадағы "Саумсунг" смартфонын Ресей мен Иран спортшыларына беруден бас тартқан. Себебі, бұл мемлекеттерге қазір Батыс санкциясы салынған.

Бұл жолғы Ақ Олимпиададан Қазақстан спортшыларынан жеңіс күтеміз. Бүгінгі салтанатты шеруде Қазақстан құрамасын шорт-трекші Абзал Әжіғалиев бастап шықты. Жалпы 46 спортшымыз додаға қатысады.

Біз алдағы уақта Корейдегі спорт додасынан жаңалықтарды үзбей жариялап отыратын боламыз.

Abai.kz

 

13 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2053