Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5009 2 пікір 12 Ақпан, 2018 сағат 12:05

Ерлан Біләлдің орнына Асхат Маемеров директор болып тағайындалды

Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ драма театрына жаңа директор болып Асхат Мақсымұлы Маемиров тағайындалды. Бұл туралы театрдың баспасөз қызметі хабарлады.

Асхат Мақсымұлы Маемиров 1974 жылы 12 наурызда Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданында туған.

1995 - 1996 жылдары Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының "драма режиссері" мамандығы бойынша Қазақстанның халық артисі, профессор Маман Байсеркеновтың классын бітірген. Қазақстан Республикасының президенітінің "Болашақ" халықаралық степендиясының иегері. Сол жылы Université Sorbonne Nouvelle Paris университетінде білімін жетілдірген. (Франция, Париж); 2008 жылы Париж Ұлттық өнер консерваториясының "драмалық өнер" мамандығы бойынша тағлымдамадан өткен (Франция, Париж); 2010 жылы Ресейдің атақты ГИТИС өнер академиясында театр өнері бойынша магистр ғылыми атағын алды.Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театр режиссері.

Естеріңізде болса, театрды Асхат Маемировқа дейін басқарған Ерлан Білалға 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабының 2-бөлігі "Пара алуға оқталу" бойынша айып тағылған. Ол  "Сезам" қоғамдық қайырымдылық шығармашылық қорының президенті Қайрат Баяновтан Әуезов театрының қабырғасында жаңажылдық қойылымдар қою үшін 1,5 миллион теңге пара алмақ болған. Ерлан Біләл қылмысын мойындаған болатын.

"Сыйақы туралы келістік, сосын 2 қаңтарда кездесіп, ол маған 600 мың теңге берді. Екінші рет 4 қаңтарда 900 мың теңге берді де, мен сол күні ұсталдым. Кінәмді толық мойындаймын, өкініш білдіремін. Басында Баянов маған өзі ұсынған. Бізде жылда шыршалар, қойылымдар өтеді. Өзі келді. Қазақша айтқанда ризалығын білдіру үшін. Басында соманы да өзі айтқан болатын. 600 мыңды қайда жаратқаным есімде жоқ, қарыздарымды қайтарып жүргенмін. Ешкім қысым жасаған жоқ, кінәмді өзім мойындадым", - деген еді Ерлан Біләл сот отырысы кезінде.

Сот Ерлан Біләлді ҚР Қылмыстық кодексінің 24-бабының 3-бөлігі және 366-бабы бойынша айыпты деп танып, 52 500 000 теңге көлемінде айыппұл салу туралы үкім шығарады.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1475
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3249
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5452