Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 7755 24 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 12:25

Елбасы ұсынған латын әліпбиі нұсқасын ұстаздар да қолдайды

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев латын қаріпінің негізіндегі қазақ әліпбиінің жаңа нұсқасын бекітті. Қазақ тіл ғалымдары ұсынған бұл нұсқа қазір көпшілік қауымның қолдауына ие болып жатыр. 

Біз латын қарпіне көшу арқылы ағылшын тіліне қарай интеграцияланамыз. Әлемдік өркениетке ұмтыламыз. Сондықтан бұл маңызды қадамның ағылшын тілін үйрену үшін де өте үлкен мәні бар. Осы ретте латын әліпбиі жастарымыз үшін ешқандай қиындық тудырмайды. Себебі, жас буын латын әріптерін интернет, ұялы телефон және компьютерді қолдану кезінде кеңінен пайдаланады.

Қазақ тілін жаңғырту қажеттілігі оның барлық әлеуетін тек коммуникация құралы ретінде ғана ашып қоймай, ұлттық сәйкестікті нығайту, ұлттық жанданудың қуатты факторы ретінде танытуда. Әліпбидің реформасы тарихи алғышарттарға негізделген. Ол Қазақстанның жаһандық бәсекелестігін жоғарылатуға, әлемнің ғылыми-танымдық, технологиялық және коммуникациялық кеңістігіне қарқынды бірігуге бағытталған.

Латын қарпіне көшу арқылы мемлекетіміз әлемнің көптеген елдеріне ашығырақ және жақынырақ болады, өйткені қазіргі заманда мемлекеттердің 75%-дан астамы латын графикасын қолданады.

Қазіргі таңда әлемде 6 түркі мемлекеті бар. Қазақстан латын қарпін қолданатын бесінші мемлекет болады. Қазақстанның Әзірбайжан, Түркия, Өзбекстан мен Түрменістан сияқты Орта Азия және Каспий теңізі аумағының мемлекеттерімен одан әрі жақындасуы мен қарым-қатынастарының күшеюі, бұл – интеграция мен көршілес қарым-қатынастардың күшеюі болып табылады.

Латын қарпіне көшудің барлық алғы шарттары бар. Бізде 100% жаппай сауаттылық, күнделікті өмірде ұялы телефонды, интернетті қолдану барысында әрбір қазақстандық дерлік іс жүзінде  латынша жазады және оқиды.

Отандастарымыздың басым көпшілігі Елбасына қолдау білдіруде және латын қаріпне көшу үрдісін қажет деп есептейді. Біз де ұстаздар қауымы болашақ ұрпақ үшін Елбасының бұл бастамасын, қолданысқа енгізуге ұсынған әліпби нұсқасын қолдаймыз.

А.Алматықызы, Алматы облысы, Талғар ауданы, Панфилов ауылы №33 орта мектептің мұғалімі

Abai.kz

 

 

24 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339