Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5584 0 пікір 21 Ақпан, 2018 сағат 15:47

Алматы облысында картоп өсіру өндірістік деңгейде қолға алынады

Алматы облысы биылғы жылы картоп өсіруді өндірістік деңгейде дамытуды бастағалы отыр. Бұл туралы бүгін облыс әкімі А. Баталов тұрғындар алдындағы есеп беру жиынында айтты, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Картоп өсіруге маманданған Райымбек ауданында осы жылы облыс басшылығының қолдауымен картоп өсіруге ерекше ден қойылып, арнайы ауыл шаруашылығы техникалары сатып алынатын 2 сервистік-дайындау орталықтары құрылатын болады. Бұл орайда ирригациялық жүйелерді қалпына келтіруге де қолдау көрсетілмек. Бұл ауданда сыйымдылығы 16 мың тонналық көкөніс сақтау қоймалары бұрыннан бар. Картоп өсірудің қыр-сырын жақсы білетін Кербұлақ ауданының шаруашылықтары да бұл іске атсалысатын болады.

Атап өтсек, Іле ауданындағы индустриалды аймақта «Фарм Фритс» Трансұлттық компаниясын тарта отырып, картоп өңдеу жүзеге асырылмақ.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347