Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Деп жатыр 6178 7 пікір 23 Ақпан, 2018 сағат 13:09

Ауыт Мұқибек. Заң түзелді қандасым, сен де түзел!

Белгілі ақын, қоғам қайраткері, Астанадағы "Нұр Отан" партиясы қабылдау бөлімінің хатшысы, "Abai.kz" ақпараттық порталының Астанадағы авторы Ауыт Мұқибектің жаңа кітабы жарық көрді. Кітап "Заң түзелді қандасым, сен де түзел!" деп аталады. "Көркем" баспасында басылып, белгілі жазушы Дәурен Қуат пікір жазған екен.

"Сонау қараңғы түнек заманда Алаш ардагерлері қазақ, қырғыз, татар, башқұрт сияқты қарындас жұрттың халін Дума депуттарына білдіріп, патша үкіметінің назарына ұсынып, шырылдап еді. Ал, бүгін қазақ баласы қазақ билігіне «Қайтсе, қазақ көші іркілмей жол табады?!» дегенді ұқтыру үшін жанын шүперекке түйіп, және жүгіріп жүр. Оснау мәселені министрлердің миына, депутаттардың діліне жеткенше, күн тәртібінен бір сәтке түсірмей, айтып, жазып келеді. Ауыт Мұқибектің қазіргі әрекетінен сол ескі күннің елесін көргендей боласыз. Тоқырап барып арнасына қайта түскен қазақ көші енді іркілмек емес, Мәңгілік Еліміздің мәңгі тоқтамас бір толқынды өзеніне айналып, жөңкіле бермек.
«Заң түзелді, қандасым, сен де түзел!» кітабы – соның айқын дәлелі",-дейді жазушы Дәурен Қуат.

Айтылған пікірге алып-қосарымыз жоқ. "Abai.kz" порталы Ауыт Мұқибектің қазақ көші-қоны жайлы жазған еңбектерін үзбей жариялап отырды.

Басқасын айтпағанда, соңғы бес-алты жылдың шегінде Президент Назарбаевтың Қазақстан Тәуелсіздігін алмай тұрып жолға қойған "Көші-қон" саясатын қолдау, алыстағы ағайынның Атажұртына келуіне жағдай жасау жолындағы Ауыт Мұқибектің атқарған шаруалары ұшан-теңіз.

Жоғарыдағы кітап Ауыт Мұқибектің ұзақ жылғы жанкештілігінің кезекті жемісі деп бағаладық.

Abai.kz

 

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2060