Жұма, 22 Қараша 2024
46 - сөз 5330 9 пікір 5 Наурыз, 2018 сағат 08:51

Мына дүние қауіп-қатерлер мен қатыгездікке тұнып тұр

Бауырым, саған бәрімізге де мәлім нәрсені айтқым келіп тұр. Бізді қоршаған әлем соншалықты әдемі де мамыражай емес. Мына дүние қауіп-қатерлер мен қатыгездікке тұнып тұр. Сәл босаңсысың болды, сені шалып құлатып, қайта тұрмастай етіп таптап кете салады. Мен де, сен де, өзгелер де өмір сияқты қатты соққы жасай алмайды. Бұл жерде сенің қандай соққы жасағаның маңызды емес, маңыздысы - сенің соққыға қалай төтеп бере алғаның, алдыға қарай қалай ұмтылатының маңызды.

Қарыштап қадам жасап бара жатырсың ба, ештеңеден де қорықпай кете бер. Сонда ғана барып жеңіске жетесің. Өзіңе сенімді болсаң, бар да, өзіңе керегін ал, бірақ соққыларға төтеп беруге дайын бол. Мен ананың кесірінен, мынаның кесірінен, біреудің кесірінен арманыма қол жеткізе алмай қалдым деп жылап жүрмесең болды. Тек қорқақтар ғана осылай деп айтады. Ал сен қорқақ емессің. Қорқақ болуың мүмкін емес. Өзіңе деген сенімділікті жоғалтып алсаң ғана, тірі өлік болып қалғаның.

Сондықтан да басыңды бекер салбыратпай, еңсеңді көтеріп, армандарыңа алшаңдай басып кете бер, бауырым...

Нағашыбай Есмырза

Facebook-тегі парақшасынан

9 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5328