Бейсенбі, 17 Қыркүйек 2026
4583 1 пікір 12 Наурыз, 2018 сағат 03:21

Түркіменстан президентінің ұлы тағы да парламент сайлауына түспек

Түркіменстан ұлттық парламенті - Мәжіліске сайлау 25 наурызда "халықаралық стандарттарғай сай өтеді" деп хабарлады Түркіменстанның мемлекеттік ақпарат құралдары.

Ресми мәліметтерге қарағанда, алтыншы шақырылымдағы мәжіліс сайлауына үміткерлердің кем дегенде 30-ы - ұлттық парламенттің қазіргі депутаттары. Үміткерлер арасында президент Гурбангулы Бердымұхамедовтың ұлы Сердар да бар.

25 наурызда Мәжілістегі 125 орынға 284 үміткер таласады. Президент ұлы Сердар Бердымұхамедов Демократиялық партиясы атынан сайлауға түседі. Ол Ахал облысы "Душак" сайлау округынан үміткер ретінде тіркелген. Сердардың саяси қарсыласы Кака қаласының тұрғыны, №10 мектеп директорының орынбасары Огулджерен Гурдова, деп хабарлады мемлекеттік ақпарат құралдары.

Қазіргі таңда 36 жастағы Сердар Бердымұхамедов бесінші шақырылымдағы мәжілістің заңнамалар жөніндегі комитетін басқарады. Ресми басылымдар соңғы уақытта мемлекет басшысының ұлын "халықтың ұлы" деп атап жүр. Мерзімді басылымдарда оның елдің дамуына, дене шынықтыру және спортқа қосқан үлесі жиі дәріптеледі.

Соңғы жылдары Сердар Бердымұхамедовтың қоғамдық-саяси рөлі елеулі түрде артқан.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1275
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2816
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 922
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 867