Дүйсенбі, 27 Қазан 2025
3420 1 пікір 14 Наурыз, 2018 сағат 09:06

Трамп мемлекеттік хатшы Тиллерсонды қызметінен босатты

АҚШ президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы Рекс Тиллерсонды қызметінен босатты. Оның орнына ЦРУ-ды басқарған Майк Помпео тағайындалды. Ал ЦРУ-ға Джина Хаспел келді. Хаспел - ЦРУ-ды басқаратын алғашқы әйел.

Трамп твиттерде "ЦРУ директоры Майк Помпео жаңа мемлекеттік хатшымыз болады. Ол керемет жұмыс істейтін болады. Рекс Тиллерсонға қызметі үшін рахмет! Джина Хаспел ЦРУ-дың жаңа директоры және бұл қызметтегі алғашқы әйел. Барлығын құттықтаймыз!" деп жазды.

Трамп бұл шешімнің себебін түсіндірген жоқ. Өткен аптада Тиллерсон Африкаға сапарын орта жолдан үзіп Вашингтонға оралған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1137
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10572