Сенбі, 23 Қараша 2024
4468 1 пікір 16 Наурыз, 2018 сағат 09:25

АҚШ, Франция, Германия және Британия Скрипаль ісі бойынша мәлімдеме жасады

Ұлыбритания, АҚШ, Германия және Франция ГРУ-дің (Ресей барлау басқармасы) бұрынғы агенті Сергей Скрипальдің улануына қатысты Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Еуропада жүйке-салдандыру уландырғыш заты бірінші рет қолданды деп мәлімдеме жасады.

Төрт елдің лидері бірлесіп жасаған мәлімдемеде бұл оқиға Біріккен Корольдік егемендігіне шабуыл деп, Ресейді жауапты деп атады.

Мәлімдемеде Ресей Химиялық шабуыл жөніндегі конвенцияны бұзып отыр деген. Олар Мәскеуді Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі халықаралық ұйымға "Новичок" улы заты жөнінде ақпарат беруді талап етті. Дәл осы затпен Сергей Скрипальды улаған.

14 наурызда Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй Сергей Скрипальдің улануына байланысты ресми түрде Ресейді айыптады. Ол 23 ресейлік дипломатты елден шығаруға бұйрық берді. Мұны АҚШ президенті әкімшілігі қолдады. Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров дипломаттарды елден шығаруға байланысты Британияға кері жауап беретінін мәлімдеді.

4 наурызда Сергей Скрипаль мен оның қызы Юлия ауыр хәлде ауруханаға түсті. Бірнеше күн бұрын ГРУ-дің бұрынғы офицері британ полициясына өзінің өміріне қауіп төніп тұрғанын хабарлаған.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5437