Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 9794 39 пікір 19 Наурыз, 2018 сағат 08:38

Алматылықтар ұзын-сонар кезекке тұрып "Путинге дауыс берді"...

Алматыдағы Ресей бас консулдығы алдында Ресейдегі президенті сайлауына дауыс беру үшін таңертеңнен бастап ұзын-сонар кезек пайда болды, - деп хабарлайды Абай-ақпарат Zakon.kz басылымына сілтеме жасап.

Мұндай көп адам жиналған жағдаят еліміздегі ешқандай сайлауда болған емес. Путинге дауыс беруге асыққан жұрт шынымен Ресей азаматтары ма, жоқ әлде олардың Қазақстан сайлауларына да қатысуға құқылары бар ма? Қазақстанда қос азаматтыққа шектеу қойылған. Бірақ, кешегі Алматыда Путинді сайламаққа анталаған халықтың көптігі біздің санамызға үрейлі күдік ұялатып кетті.

Ресейдегі сайлауда сайлаушылардың 50 пайызға жуығы ғана дауыс беруге келген. Ал, Қазақстандағы жағдай мынандай...

Рас. Қазақстанда бипатридтердің (қос азаматтығы барлар) көбеюіне Ресей тарапы да «қомақты» үлес қосып жатыр. Ғаламтор беттерін ашсаңыз «Қазақстан азаматы Ресей азаматтығын қалай алады?» деген секілді талқылаулардан аяқ алып жүру мүмкін емес. Ең сорақысы сол, қазір заңдық тұрғыда Қазақстан шекарасынан шықпай-ақ Ресей азаматтығын алуға болады екен. Оны Ресейдің Қазақстандағы елшілігі жүзеге асырады. Жарнамасына қарасаңыз, жағаңызды ұстайсыз. Онда азаматтықтың құжаттарын Ресейде гөрі, Қазақстанда рәсімдеу жылдам, әрі тиімді екені жазылған. Талаптары да қызық... Егер де Сіздің әкеңіз немесе шешеңіз Ресей азаматы болса, 2002 жылдың 1 шілдесінен кейін Ресейдегі арнаулы немесе ЖОО-да оқысаңыз, кезінде КСРО азаматы болып, қазір ешбір елдің азаматығын алмаған болсаңыз Ресейдің елшілігіне барасыз да, қызыл төлқұжатты жан қалтаңызға басып шығасыз. Бұл нені білдіреді? Еліміздегі кез-келген адам Ресей мемлекетінің азаматы бола алады деген сөз. А, айтпақшы Ресей азаматтығын алғыңыз келсе, орыс тілінен сынақ тапсыруға міндеттісіз. Ол сынақтың өзін Қазақстандағы «Знание» қоғамдық қоры өкілдері қабылдайды.

Міне, кешегі сайлау тағы бір шындықтың бетін ашқандай. Қазақстанда Ресей азаматтығын алып алғандар тым көп екені белгілі болды. Яғни, олар екі жақтан зейнетақы, әлеуметтік көмек алып отыр деген сөз.

Ресейдегі сайлауға Қазақстан аумағынан 17 қалада сайлау учаскелері құрылыпты. Ол қалалар: Астана, Ақтау, Ақтөбе, Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Петропавл, Приозерск, Семей, Талдықорған, Тараз, Орал, Өскемен, Шымкент. Бір-екі қала болса жарайды, өзге бір елдің аумағында 17 сайлау учаскесін құру деген сөз тәуелсіздікке қауіп төндіруді білдірмей ме?

Сіз не дейсіз?

Қанат Бірлікұлы

Abai.kz

39 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1469
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5406