Сенбі, 23 Қараша 2024
Көкжиек 4564 1 пікір 20 Наурыз, 2018 сағат 13:08

Астана 20 жылдық тарихында мәдениет пен өнердің ошағына айналды.

 

– Жеңіс Сейдоллаұлы, «Қазақконцерт» мемлекеттік ұйымының директоры болып тағайындалған жаңа қызметіңізбен құттықтаймыз. Астана қаласының 20-жылдығы әлемдік деңгейде атап өтіледі деп күтілуде.  Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен еліміздің түкпір-түкпірінде түрлі іс-шаралар атқарылып жатыр.  Елорда тойы – Елдің тойы.  Сіз басқарып отырған ұжым Астана тойына қандай үлес қоспақшы? Әңгімемізді осы сауалдан бастасақ деймін.   

– Елорда – Елбасымыздың қолтаңбасы. Тәуелсіздіктің  туындысы. Астана – аз уақыт ішінде әдемі келбетімен әлемге танылған әсем қала. Жиырма бірінші ғасырда Жиырмасыншы жылына үлкен жетістіктермен жеткен еңсесі биік, рухы мықты  жас қала. Бас қала 20 жылдық тарихында мәдениет пен өнердің ошағына айналды. Әлемдік деңгейде атап өтілмек той – Астанаға көрсетілген үлкен құрметтің бірі. Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ІІ Дүниежүзілік «Астана» театр фестивалі – екінші рет өтетін  әлемдік театр ұжымдарының бас қосуы. Ол осы жылдың 17-30 маусым күндері аралығында болады. Театр өнеріндегі кәсіби шығармашылық ынтымақтастықты, халықаралық қарым-қатынасты қолдау мақсатында  өткізілетін фестивальде «Piccolo Teatro di Milano» (Италия), «Schaubuhne» (Германия), «Meno Fortas» (Литва), «TRWarsawa» (Польша), Ш.Руставели атындағы Грузия мемлекеттік академиялық  (Грузия), Қытай халық көркем театры (Қытай), Тадаси Сузуки-сан  (Жапония) театрларының  қазақ сахнасының төрінен табылуы,  өнер тарихында айтулы оқиғалардың бірі болып қалмақ.  Бұл және өзге елдің озық мәдениетімен танысуға және ұлттық өнерді әлемдік кеңістікке танытуға зор  мүмкіндік береді деп ойлаймын. 

   Астана тойына тарту ретінде сахналанатын әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris»  мюзиклін «Астана Мюзикл» театры қазақ тілінде тұңғыш рет көрерменге ұсынады екен. Алғашқы қойылымынан-ақ үлкен табысқа қол жеткізген мюзикл Гиннестің Рекордтар кітабына енген. Әлемдік деңгейде танымалдыққа ие туынды көрерменді бейжай қалдырмасы анық. «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымының ұйымдастырумен өтетін ІІ Дүниежүзілік «Астана» мюзикл театр фестивалі және «Notre Dame de Paris»  премьерасы Астананың туған күніне әдемі тарту деп білеміз.

   Сөзіңіздің жаны бар, Виктор Гюгоның «Собор Парижской Богоматери» романының желісінде Францияда сахналанған аталған спектакль әлемдегі мюзкл жанрының ерекеше бір үлгісі. Жерар Пресгурвиктің даңқын өрлеткен «Ромео мен Джульетта» мюзиклін сәтті ұсынған «Астана Мюзикл» театры, композиторы Р.Коччанте, либретто авторы Л.Пламондонмен бірлесіп, әлемге әйгілі «Notre Dame de Paris»  мюзиклін сахналайды. Астана тойына тарту ретінде тамашаланатын мюзикл – француздық шансон мен сыған мотивіне құрылған. Әр көріністегі  «Belle», «Danse mon esmeralda», «Le Temps des Cathedrales» секілді елуге жуық әннің  әуені тыңдарманды бірден баурап алады. Астана театр ұжымы үшін үлкен тәжірибе әрі зор жауапкершілік жүктейтін «Нотр Дам де Пари» мюзиклінің премьерасы қаламыздың тұрғындары мен қонақтарына тосынсый болары сөзсіз және  Франция елі мен Қазақстан халқының арасындағы мәдени қатынастарды нығайтуға ықпал етері анық. 

 –  «Нотр Дам де Пари» мюзиклінің премьерасы «Астана Мюзикл» театры сахыналайды деп атап өттіңіз. Мюзикл – Қазақ мәдениеті үшін таныс және бейтаныс ұғым. «Астана Мюзикл» – Қазақстандағы тұңғыш мамандандырылған мюзикл театры деп білеміз. Мемлекеттік театр – Европаның ірі қалаларын аралап, мың бояулы ұлттық өнердің ең үздік үлгілерін әлемге танытып үлгірді. Ал аталған өнер ұжымының қазақ сахналарында көрермендермен жүздесуі жоспарланған ба?

   Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы мен «Жаһандық әлемдегі заманауи қазақстандық мәдениет» жобасы аясында «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклі ұсынған «Астана Мюзикл» театры Францияның астанасы Парижде, одан әрі қарай Канн, Брюссель, Вена, Берлин сахналарында зор табыспен өнер көрсетті. 2016 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдаумен «Қазақконцерт» мемлекеттік концерттік ұйымында құрылған театрдың көркемдік жетекшісі – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, PhD доктор Асхат Маемиров. Мюзикл – эстрада, хореография, драма, опера секілді сан түрлі өнерді біріктірген шығармашылық синтез өнері. Өңшең жастардан құрылған жас ұжым. Ұжым дәл қазіргі уақытта гострольдік сапарда жүр. 23-27 наурыз аралығында Алматы қаласында, қарашаңырақ­ –  М. Әуезов атындағы театрда өнер көрсетеді.

Мемлекеттік мюзикл теарты – 31 наурыз күні  қазақ өнерінің киелі мекені Шымкент қаласында, «Түркістан» сарайында «Қыз Жібек» этно-фольклорлық мюзиклін көрерменге ұсынады. «Астана Мюзикл» жастар ұжымын қолдап отырған Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі  Жансейіт Түймебаев мырзаға «Қазақконцерт» ұжымы атынан зор ризашылығымызды білдіреміз. 

Сұхбаттасқан  Жанар Сырлыбаева

Abai.kz

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5373