Жұма, 22 Қараша 2024
3278 0 пікір 27 Наурыз, 2018 сағат 08:31

Кудратходжаев: тәлібтер Ташкентке келмейді, бірақ олар барлығын естиді

"Талибан" қозғалысының өкілдері Ташкенттегі Ауғанстан жөніндегі "Бейбіт процесс, қауіпсіздік үшін әріптестік және аймақ ынтымақтастығы" конференциясына қатыспайды. Бұл туралы конференцияның баспасөз хатшысы Шерзод Кудратходжаев 26 наурызда хабарлады.

"Олар ("Талибан" қозғалысы) бүгін де, ертең де келмейді", – деді Кудратходжаев. Ауғанстан жөніндегі конференцияның негізгі шаралары 27 наурызда өтеді.

Ташкенттегі кездесуге БҰҰ-ның Ауғанстандағы арнайы өкілі Тадамити Ямамото, Еуропалық одақтың шетел істері және саяси қауіпсіздік жөніндегі Жоғарғы өкілі Федерика Могерини, сонымен бірге Қытай, Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, Германия, Италия, Франция, Түркия, Үндістан, Иран, Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктерінің сыртқы істер министрлері шақырылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322