Жұма, 27 Желтоқсан 2024
46 - сөз 9986 7 пікір 3 Сәуір, 2018 сағат 08:52

Қытайда азамат соғысы қаупі жыл сайын артуда

Қытайтанушы Эндрю Джек: "Қытайда азамат соғысы қаупі жыл сайын артуда. Оны Қытай билігі қанша жоққа шығарғысы келсе де, бұл рас факт" депті. Расымен солай сияқты.

Ішіндегі өзге ұлттарға қысымды қарқынды түрде арттыруы Қытай билігінің саяси мүддесімен қатар оның қорқынышын да көрсетері анық. Яғни ішкі толқулар, кей ұлттардың тарихи жерін қайтарып алуға ұмтылысы Қытай басшылығын шошытары белгілі. Сонымен қатар азаматт соғысы Қытайдағы әлеуметтік жағдаймен де сипатталуы мүмкін. Мысалы шүршіттерде әлі күнге дейін 200 млн. халық тақыр кедей, ішерге ас, киерге киім таппай отыр. Ал кей халық өкілдері тіптен шалқыған бай, жегені алдында, жемегені артында. Сонымен қатар коммунистік партия нарықтық экономикаға рұқсат берсе де, халық жағдайының тең дәрежеде боларын мәлімдесе де, олай емес. Мұның барлығы халыққа үлкен ой салары жасырын емес.

Оның үстіне Қытайдың аймақтары арасындағы экономикалық айырмашылық әр түрлі. Оңтүстік-шығысы бай, ал Батысы мен солтүстігі салыстырмалы түрде жұпынылау. Шанхай, Гуанчжоу сынды ірі қалалар мен аймақтар дербес ел болуды қалайды. Олар "Тайванның күні бізден жақсы" деген ұранды ұстанады. Сонымен қатар "нағыз қытай кім?" деген тарихи тартыс қалжыңнан, саяси текетіреске айналып барады. Қарасы ма, сарысы ма, өздері де білмей дал. Алайда екі тарап та "бізбіз" деуден тайынбайды.

Қысқасы қытайтанушы Джектің сөзінің жаны бар-ау. АҚШ-та Қытайдағы азамат соғысына мүдделі сияқты. Оны сауда соғысы дәлелдеп тұр. Болса болсын. Бір-бірін баудай түсірсе, бауырларымыз кең тыныстар еді.

Асхат Қасенғали

Facebook-тегі парақшасынан

7 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2061