Сенбі, 19 Қыркүйек 2026
4653 0 пікір 6 Сәуір, 2018 сағат 09:39

Алматыда көпқабатты үй өртеніп, 300 адам эвакуацияланды

Алматыда Көкжиек ықшамауданында көпқабатты үйлердің бірінен өрт шықты.

Жергілікті төтенше жағдай комитетінің мәліметіне қарағанда, бесқабатты мансардты үйдің бірінші-екінші қабатының балкондарынан өрт шығып, жоғарғы қабатқа шарпыған.

Үйден 300 адам эвакуациаланған. Олардың бәрін жақын мектепке орналастырған. Өрттен қаза болғандар және зардап шеккендер туралы ақпарат әзірге жоқ. Ғимараттың 1100 шаршы метрі өртеніп кеткен.

25 наурызда Ресейдің Кемерово қаласында "Зимняя вишня" сауда орталығында өрт шығып, 64 адам қаза тапты (көбі - балалар). Сауда үйі толығымен өртеніп кеткен. Осыдан кейін Қазақстанда да ғимараттар тексеріле бастаған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1325
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2902
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 984
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 915