Дүйсенбі, 19 Қазан 2026
3929 0 пікір 6 Сәуір, 2018 сағат 09:43

Малайзияда жалған ақпарат үшін 6 жылға дейін сотталуы мүмкін

Малайзияда фейк (жалған) жаңалықтар таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартатын жаңа заң күшіне енді. 128 мың АҚШ долларына дейін айыппұл төленіп, алты жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Жаңа заң электронды басылымдарға, әлеуметтік медиаға қатысты. Жауапкершілік шетелдік азаматтарға да жүктеледі.

Малайзияда биыл маусым айына дейін парламент сайлауы өтуге тиіс.

Ел үкіметі аталған заң сөз бостандығына қауіп төндірмейді дейді. Бұл іспен тәуелсіз сот айналысады екен.

Малайзияның әділет министрі Азалина Отман "Бұл заң қоғамды жалған ақпараттан қорғауға арналған. Бірақ Конституцияға сәйкес сөз бостандығы сақталады" деп мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1070
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1450