Сенбі, 23 Қараша 2024
4356 3 пікір 6 Сәуір, 2018 сағат 10:00

Ratel.kz сайты жұмысын уақытша тоқтатып, Әсіпов күдікті атанды

Ratel.kz сайтының журналисі әрі тұрақты авторы Вадим Борейко Facebook-тегі парақшасында сайт жұмысын уақытша тоқтататынын хабарлады. Бұдан өзге, "Ratel.kz сайтының достары" тобы мен порталдың Facebook-тегі ресми парақшасының жұмысы да уақытша тоқтатылады.

Сайт бас редакторы Марат Әсіпов "Ratel.kz-тің фб-дағы парақшасын жабуға мәжбүрміз" деп жазды.

Сонымен қатар, 4 сәуірде "көрінеу жалған ақпарат тарату" ісінде қорғануға құқығы бар куәгер мәртебесі бар Марат Әсіповтің күдікті атанғаны белгілі болған. Вадим Борейко Марат Әсіпов сегіз сағатқа созылған тергеуден шыққан соң сайт қызметкерлері Сапа Мекебаев пен Анна Калашникованың да күдікті деп танылуы мүмкін деп болжап отырғанын жазады. Ratel.kz сайты мент Forbes Kazakhstan журналы редакцияларын тінту кезінде ұсталып, кейін босатылған Forbes.kz журналисі Александр Воротиловтың мәртебесі әзірге белгісіз.

Аталған БАҚ редакцияларында 2 сәуір күні полиция "көрінеу жалған ақпарат тарату" ісіне байланысты тінту жүргізген. Бұл іс бұрынғы қаржы министрі, бизнесмен Зейнолла Кәкімжановтың арызынан кейін қозғалған. Кәкімжанов Forbes.kz және Ratel.kz сайттарында соңғы жылдарда өзінің қызметіне байланысты жарияланған бірнеше мақаланы "қара пиар" және "жалған" деп атайды. Мақалада Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы бары" айтылады.

Кәкімжанов өткен жылы аталған басылымдармен соттасып, олардан 50 миллион теңге өндіру туралы шағымын сот қанағаттандырған. Кәкімжановтың "сыбайлас жемқорлыққа қатысы барын" әшкерелемек болған журналистер соттың бұл шешімімен келіспеді.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408