Сенбі, 23 Қараша 2024
3553 0 пікір 10 Сәуір, 2018 сағат 09:19

Нью-Йоркте БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі Думадағы химиялық шабуылды талқылап жатыр

БҰҰ-ның Сирия жөніндегі арнайы елшісі Стаффан де Мистура Сириядағы жағдай насырға шауып кетсе, тек ғана аймаққа емес, ғаламдық деңгейде кері әсерін тигізуі мүмкін деп атап өтті.

Ол бұл жөнінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің ашылуы кезінде айтты.

БҰҰ жанындағы Ресейдің тұрақты өкілі Василий Небензя Дума аймағына мән-жайды анықтау үшін ресейлік радиология жөнінде арнайы мамандар жіберілгенін мәлімдеді. "Олар топырақ сынамасын алды, бірақ онда жүйке-салдандыратын улы заттар, құрамында хлоры бар заттар анықталмады", - деді ресейлік дипломат.

БҰҰ жанындағы АҚШ-тың тұрақты өкілі Никки Хейли Қауіпсіздік Кеңес қандай шешім қабылдағанымен, АҚШ химиялық шабуылдаушыларды өздігінше жазалайды. Оның сөзінше, әлем әділдіктің қалай орнайтынына куә болуы тиіс.

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Сириядағы Дума қаласында өткен сенбіде химиялық шабуыл жасалуына байланысты шұғыл отырыс өткізіп жатыр.

;rel=0" width="300" height="150" frameborder="0" scrolling="no" allowfullscreen="allowfullscreen" data-youtube_id="1" data-mce-fragment="1">

АҚШ егер химиялық шабуылды Сирия президенті Башар Асад режимінің жасағаны анықталса, оған қарсы әскери күш қолдануы мүмкіндігін мәлімдеді.

АҚШ президенті Дональд Трамп екі тәуліктің ішінде "маңызды шешім" қабылдауға уәде етті. Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым 7 сәуірде Думада улы заттар қолданды ма, жоқ па, тексеріп жатыр. Жергілікті дәрігерлер сенбі күні бомбалаудан 48-ден 60-қа дейін адам қаза болды деп мәлімдеді. Мыңдаған адам жараланған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5435