Сенбі, 23 Қараша 2024
Көршінің көлеңкесі 8190 23 пікір 12 Сәуір, 2018 сағат 10:33

Ши билігі Шаханов пен Айтматовты террорист көре ме?

Ши Жинпиң басқаруындағы компартия идеологиясының қасақана қысымына түсіп, қудалау көріп жатқан қандастарымыз жайлы мұндағы баспасөз аз жазып жатқан жоқ. Рас, қазір де ондағы жұрттың талайы қамауға алынды, талайы тергеуде теперіш көрді... Әлі де сол сүргіннің салқыны сезіледі. Әуелде қазақ пен ұйғырға жасалған қысымды – компартия төрағасы Шидің өз билігін авторитарлау үшін ҚХР Конституциясын өзгерту қарсаңында жасалып жатқан науқандық шарасы деп топшылаған едік. Ши дегеніне жетіп, Қытайды шексіз билеу құқына ие болғанымен, ондағы жұртты жайына қалдырған жоқ.

Бұл мәселе, яғни Қытайдағы қазақтың мұңы халықаралық деңгейде көтерілді. Ағылшын тілді ақпарат ондағы аз ұлттардың репрессиялануын ашық сынады. Ши төраға шіміркпей отыр.

Өткенде «ChinaAid» (http://www.chinaaid.org/2018/03/xinjiang-authorities-confiscate-works.html) деген ағылшын-қытай, қос тілді агенттік ақпарат таратты. Шыңжаң билігі қазақ, қырғыз және түрік қаламгерлерінің кітаптарын жаппай тәркілеп жатыр екен. Сондағысы  әлгі кітаптардың мазмұны әм авторлардың көзқарасы - Қытайдың коммунистік партиясының идеологиясына қарсы екен. Цензураға ілінген. Біз бұл материалды қазақшаға қотарып бергенді жөн көрдік. Қазақ авторларының ішінде Ши билігіне жақпағандар кім?

Мақала тақырыбы мынау: «Шыңжаң билігі қазақ, қырғыз және Түрік жазушыларының еңбектерін тәркілеп жатыр» (Xinjiang authorities confiscate works by Kazakh, Turkish, and Kyrgyz writers).

«Шыңжаң билігі Қазақстан, Қырғызстан және Түркия авторлары және ақындарымен идеологиялық соғыс жүргізіп жатыр». (Xinjiang authorities are waging an ideological war against authors and poets from Kazakhstan, Kyrgyzstan, and Turkey)...

Сөйтсе, әлгі авторлардың жазған-сызғандары ҚКП күн тәртібіне қайшы ма, жоқ па анықтау үшін тәркілеп жатыр екен. (ordering their works confiscated in order to determine whether or not they contain teachings that oppose the agenda of the Chinese Communist Party).

«Жаппай жүргізіліп жатқан тінту, тәркілеу – Қытайдың батысындағы Шыңжаң-Ұйғыр автономдық ауданындағы этникалық аз ұлттарды қудалаудың жалғасы екенін айғақтайды» (The confiscations represent an escalation of an ongoing crackdown against minority ethnic groups in the Xinjiang Uyghur Autonomous Region on China’s western border).

«Жақында Шыңжаңдағы Жазушылар Ассоциация ақпар беріп, Жоғарғы Үкіметтік ведомства жергілікті Қазақ Мәдениет департаментіне пәрмет түсірген. Мәдениет төңкерісінен кейінгі жарық көрген барлық қазақстандық кітаптарды оқуға тыйым салып, өңірдегі гәзет-журналдарға қатаң бақылау жүргізу туралы тапсырма берген». «ChinaAid» агенттігі солай деп жазады. Міне, түпнұсқадағы мәтін: (The Xinjiang Writers Association recently reported that superior government departments ordered the Kazakh Department of Culture to censor all Kazakh books published since the Cultural Revolution, as well as increasing the censorship of magazines and newspapers in Xinjiang).

Ши төрағаны күндіз күлкі, түнде ұйқысынан айырған, Қытай билігін қорқыныштан қалтыратып-дірілдетіп, дегбірін қашырған қазақ ақыны – Мұхтар Шаханов екен.  

«Мақсатты түрде іздестіріп жүргендердің ішінде – жазған еңбектері кітап дүкендерінен жойылған қазақ ақыны, аты мәшһүр Мұхтар Шаханов. Шаханов Қырғызстанның Ұлттық сыйлығын және Түркі тілдес халықтар арасында ең үздік әлем ақыны сыйлығына ие болған. Шыңжаңда енді оның кітаптарын оқуға тыйым салынды», - деп жазады агенттік (Among the targeted are pieces by the famed Kazakh writer Mukhtar Shakhanov, whose books were removed from bookstores and destroyed. Shakhanov won Kygyzstan’s National Poet Award and the Turkic National Poet Award among other international awards. His books are now banned in Xinjiang).

Айтпақшы, Шыңжаң билігі шығармаларын оқуға һәм насихаттауға тыйым салған тағы бір автор – адамзаттың Айтматовы екен. Иә, осыдан тура 10 жыл бұрын Алманияның Нюрнбегінде өмірден өткен қырғыз Айтматов Шыңғыстың да шығармалары Шыңжаң кітап сөрелерінен алынып тасталды.

Тақырыпқа тұздық. Өткенде аталған сайт Қытай билігінің әтігөрлік әм әлімжеттік әрекеттері жайлы жазды. Этникалық аз ұлттарды қудалағаны аздық еткендей, этникалық элементтері бар тауарларды тәркілеп, айтағына ермегендерді «айдауға» жіберіп жатқандығы жайлы сөз қозғады. Репрессияның күшейгені соншалық түрмелер мен «қайта тәрбиелеу» орталықтары лық толғандықтан, тұтқындалғандарды өзге өңірлерге жіберіп жатқанға ұқсайды. Агенттік солай деп ақпарат таратты (The ongoing crackdown against ethnic minorities, especially those who are predominantly Muslim, continues in China’s far western Xinjiang region. Authorities are confiscating and destroying goods that appear ‘ethnic,’ and the prisons and detention camp “training centers” in the region are so full that detainees are being shipped to other provinces to make room).

«ChinaAid» агенттігінің жазуынша, қазақстандық тауарларды сатуға да тыйым бар екен. «Қазақстандық көрпешелер, кілемдер мен маталар тәркіленіп, өртелген. Дүкендер Қазақстаннан импортталған тауарларды сата алмайды. Сатуға әрекеттенсе, тұтқындалады, оның тауары тәркіленеді. Тіпті, тұрғындарға үйлеріндегі кейбір қазақы өрнектерді, қытайша өрнектермен алмастыру туралы тапсырма берілген» деп жазады агенттік (“Kazakh blankets, carpets, and embroidered cloth have been burned. Shops cannot sell products imported from Kazakhstan, and if they try, the merchandise is confiscated. Residents are also ordered to remove Kazakh decorations from their houses and replace them with ‘Chinese’ ones”).

Ресми статистикаға сүйеніп сөйлесек, 1,5 миллионнан астам қазағы бар Шыңжаңда Шахановтың кітаптары 5-6 реттен қайта басылып, «ең көп оқылатын ақын» атанғаны белгілі. Қайсы бір жылы Шаханов пен Айтматов жазған «Құз басындағы аңшының зары» (Ғасыр айрығындағы сырласу) атты рухани философиялық, тарихи танымдық және махаббат философиясына құрылған эсселер жинағы қытай тіліне аударылған еді. Енді Шаханов Қытай билігі үшін қауіпті тұлғалар қатарына кірген көрінеді. Сонда Ши билігі Шахановты террорист көре ме?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467