Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 2110 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 07:34

Жұрт шухраттардан шошиын деді

Бұл оқиға естіген жанның жағасын ұстатты. «Адам аласы ішінде..» деген рас екен. Биыл сәуір айында Алматы облысының Панфилов ауданындағы Шолақай ауылында жергілікті мектептің денешынықтыру пәнінің мұғалімі Шухрат Амраев жұрттың көз алдында қарапайым адами қасиеттен жұрдай болды. 40 жастағы соқталдай пенде (азамат деуге ауыз бармайды) өзі сабақ беретін 14 жасар мектеп оқушысын күш қолданып зорлаған.
Оқиғаның қалай орын алғаны баспасөз беттерінде жан-жақты тәпіштеліп жазылды. Шәкіртін еңбек сабағынан қолынан жетектеп алып кетіп, еркінен тыс, қорқытып-үркіту арқылы мектептің спорт залында жыныстық қатынас жасауы және бұл туралы қыз баланың ешкімге шағымданбауын қатаң ескертіп, оған қоқан-лоқы көрсетіп қорлауы барып тұрған азғындау, басқа түк емес. Амраевқа қатысты ҚР ҚК-нің 122-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Бірақ кішкентай қыздың жүрегіне өшпестей дақ салып, психологиялық орны толмас өкініш пен уайым әкелген осы қылмысқа кінәлі жанның лайықты жазасын аларына жұрт сенуден қалып барады. Себебі, Шухрат Амраев жұмыстан босағаны болмаса, мұртын балта шаппай еркіндікте жүр.

Бұл не? Құқық қорғау органдарының қылмысты дәлелдеуге біліктілігі жетпей, дәрменсіздік танытуы ма, әлде қалай салса, солай иленетін заңымыздың осалдығы ма? Халық осыны түсіне алмай әлек. Өйткені, бұған дейін Алакөл ауданында балалар үйіндегі кәмелеттік жасқа толмаған қызды бір жылдай жыныстық қатынасқа түсірген бір малғұнның қиянаты дәлелденбей, қылмыстық іс тоқтатылған. Бұл әлі естен кете қойған жоқ. Содан шошынған Шолақай ауылының тұрғындары балаларын кешкі сағат 8-ден кейін көшеге жібермей отыр.
Қазақстанда сот және прокуратура органдарының деректеріне қарағанда, зорлау оқиғаларына қатысты қылмыс деңгейі азаймай отыр. Тіпті, мұндай қылмыстық әрекетке ақыл-есі дұрыс, жап-жақсы қызметі бар, «төрт құбыласы түгел» адамдардың өздері де дайын тұрады. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың 50 пайыздайы қалыпты, жақсы отбасында тәрбиеленгендер, бірақ заңды, адамдардың құқын аяқ асты етуге келгенде қара салдырмайды.
Мамандардың айтуына қарағанда мұндай қылмысқа жүйке жүйесі ауыратын, маскүнемдікке салынып, наша қолданатын адамдар да жиі барады.
Шолақай ауылындағыдай қылмыстық оқиға өткен жылы Шығыс Қазақстан облысының Қаратоғай ауылында да орын алғаны белгілі. Ауыл мектебінде тарих пәнінен сабақ беретін 25 жасар Марат Серіков 11 жасар оқушы қызды үйіне қосымша сабақ түсіндіру үшін шақырып алып, зорлаған. Шошынып-шыңғырып, қарсыласқан балаға қол жұмсап, «ата-анаңа айтсаң, өлтіремін» деп қорқытқан. Оқушы қыз психологиялық зардап шеккені былай тұрсын, бас сүйегіне, көзіне зақым келіп ауруханаға түседі. Баланың анасы да жүрегі ауырып, дәрігерлер көмегіне жүгінуге тура келді. Осы оқиға кезінде Шығыс Қазақстан облыстық Ішкі істер басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, әлгі сұмырайдың 2004 жылы қыз зорлау қылмысы бойынша үш жылға сотталып кетіп, қайтып келген соң қайтадан мектепке мұғалім болғанын анықтады. Жергілікті жерде оны қалай мектепке жұмысқа алған?
Осы жерде Білім және ғылым министрлігі республика мектептеріндегі осындай келеңсіз жағдайларды біле ме, Қаратоғай мен Шолақай ауылдық мектептеріндегі мұғалімдердің қылмыстық әрекеттерінен қандай қорытынды жасамақ деген орынды сұрақ туады.
Ішкі істер министрлігінің қылмыстық істермен күресетін органдардың мәліметіне көз жіберсек, тек биыл қаңтар айының өзінде ғана республика бойынша 237 зорлау оқиғасы тіркелген. Соның 87-сі әйелдер мен қыздарға қатысты болса, 16-сы кәмелеттік жасқа толмағандарға байланысты.
Еліміз заңдылығы бойынша кәмелеттік жасқа толмағандарға күш көрсетіп зорлаған қылмыскер жасаған қылмысының сипатына байланысты жазаланады. Яғни, ол 6 айдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Осы жерде айта кету керек, бірқатар шетелдерде мұндай қылмыскерлерге өте қатаң жаза қолданылады. Мәселен, Германия, Қытай және бірқатар Араб елдерінде қылмыскердің еркектік безіне химиялық кастрация (пішу) жасау жағы да қарастырылған.
Өткен жылы мамыр айында Иран Ислам Республикасында 19-24 жас аралығындағы бес жігіт дарға асылды. Себебі, олар тұрмысқа енді шыққан жас келіншекті зорлап, соңынан іздерін жасыру үшін үстіне бензин құйып өртеп жіберген.
Бұл жайды біз не үшін айтып отырмыз? Демократиялық-құқықтық мемлекет орнатып жатқан Қазақстанда өлім жазасы алынып тасталған. Тек соңғы кездері балаларды қасақан өлтіргендерге өлім жазасын қолдану керек деген ұсынысты Парламент депутаттары алға тарта бастады. Осы орайда, кәмелеттік жасқа толмағандарды зорлап, қорлық көрсеткен, оның өміріне өшпестей таңба салған қылмыскерлерді де жазалау шарасын қатайта түсу керек.
Ал ислам дінінде некесіз қосылудың өзі үлкен күнә саналады. Шариғатта оның жазасы айқын көрсетілген. Мәселен, «Таспен борандату» деген ұғым бар. Зорлау әркетін жасаған бойдақ адамға 100 дүре соғу, отанынан айыру, тағы басқа да жаза қолдану жағдайлары соған байланысты айтылған.
Қалай десек те зорлық жасау, кәмелеттік жасқа толмаған балаларды қатыгездікпен күш көрсету арқылы жыныстық қатынасқа түсіріп, сағағынан үзілген гүлдей солдыру құдай алдында да, ар алдында ақтауға келмейтін жамандық. Індетті жерді өртеп тазартады. Ендеше, біздің қоғамға да мұндай кеселді түбірімен жоятын жол керек.
Әйтпесе, «Шолақай Шухраттары» мен «Қаратоғай Мараттары» сияқты «қой терісін жамылған қасқырлар» өріп жүр.

Ғабдул МЕРҚҰРМАН
«Нұр Астана» газеті 4 маусым 2009 жыл

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1490
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3257
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5550