Сәрсенбі, 18 Шілде 2018
491 0 пікір 16 Сәуір, 2018 сағат 08:53

Самарқанда тәжік тілінде оқытатын мектеп салады

Тәжікстан билігі Самарқанда 640 оқушыға арналған тәжік тілінде дәріс беретін мектеп салады. Тиісті келісімге наурыз айындағы екі ел басшыларының кездесуінде қол қойылған.

Құжатқа сәйкес, өзбек тарабы мектеп құрылысына жер бөледі әрі құрылыс алаңында тәжік жұмысшыларының қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Сонымен бірге құрылыс компаниясын кеден салығынан босатады.

Құрылыс аяқталған соң, ғимарат Самарқан әкімшілігіне тапсырылады. ​Өзбекстанда тәжік диаспорасы негізінен Бұхара, Самарқан, Наманган, Сұрхандария және басқа аймақтарда тұрады. Ресми статистика бойынша, Совет заманында Өзбекстанда 380 тәжік тілінде оқытылатын мектеп болған. Бірақ соңғы 25 жылда едәуір қысқарды.

Жыл басында тәжік диаспорасы тұратын аймақтың тұрғындары мұғалім жетіспейтіндігін айтып, Тәжікстан және Өзбекстан президенттеріне хат жазған.

Abai.kz

0 пікір