Денсаулығым мүмкіндік беріп, күш-қуатым жетіп жатса, халық қолдап жатса қанша уақыт болса да жұмыс істеуге дайынмын– Н. Назарбаев
АСТАНА. 28 қаңтар. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - «Конституциялық Кеңестің үкімінен кейін біз сіздермен қандай шешім қабылдасақ та, мен уәде беремін: егер денсаулығым мүмкіндік беріп, күш-қуатым жетіп жатса, ынтымағымыз осындай болса және халық қолдап жатса қанша уақыт болса да жұмыс істеуге дайынмын», - деді бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында Президенттің өкілеттігін ұзарту жөніндегі референдум өткізу мәселесіне қатысты айтқан сөзінде.

«Бүгін бізде Президенттің өкілеттігін 2020 жылға дейін ұзарту мақсатында жалпыхалықтық референдум өткізуге қатысты күрделі саяси жағдай қалыптасып отыр. Мен референдумды қолдап қол қойған барлық қазақстандықтарға және осы акцияның бастамашыларына ризашылығымды білдіремін. Қаңтар айының ортасында Орталы сайлау комиссиясы 5 миллионнан астам азаматтарымыздың қолдары қойылған құжаттарды ұсынды. Бұл сайлаушылардың үштен екі бөлігі. Аздаған уақытта референдум өткізу бастамасы жалпыхалықттық қозғалысқа айналды. Осы акция барысында «Нұр Отан» партиясынан қоғамдық коаликция құрылды. Халқымыздың бұл бастамасы еліміздің саяси интеллектуалды белсенділігін оятты. Бұл еліміздің даму мен прогрестің үлкен әлеуеті бар екенінің жарқын көрінісі», - деді Елбасы.
Елбасы Тәуелсіз Қазақстанды басқарып келе жатқан жылдар ішінде халықтың әрдайым өзімен бірге болғандығын және қолдау көрсетіп келе жатқандығын айта келе: "Мен халықтың лауазымыңды тастамай, жұмыс істеуді жалғастыр деген ниет-пейілін түсіндім", - деді. "Егер менің денсаулығым мүмкіндік беріп, күш-қуатым жетіп жатса, ынтымағымыз осындай болса және халық қолдап жатса қанша уақыт болса да жұмыс істеуге дайынмын», - деді Н. Назарбаев.
Бұл ретте Мемлекет басшысы Қазақстанның сыртқы саясаты еліміз бұрындары өзіне міндет етіп алған бүкіл міндеттемелерге сәйкес болатындығын атап көрсетті.