Сенбі, 23 Қараша 2024
5022 2 пікір 17 Сәуір, 2018 сағат 11:50

Еркін Тәтішев бауырының қазасы жайлы егжей-тегжейлі әңгімелеп берді

«Esquire» журналына сұхбат берген Еркін Тәтішев ағасының қазасы жайлы, әділдік пен шындық іздеген 14 жыл жайлы айтып беріпті. Тіпті, «Тәтішевтерге жоғарғы жақ нұсқау беріп отыр» деген алып-қашпа әңгімеге де жауап берген екен.

«Әйтеуір, біздікілерге жоғары жақ айтып, жол сілтеп беруі керек сияқты көрінеді де тұрады. Ал бұл жерде қылмыс бары анық. Ұйымдасқан түрде кісі өлімі жасалды. Оның құрамында ірі мансапты адамдар болды. Ол адамдардың жемқорлық, ұрлық секілді басқа да қылмыстары өз бастарынан жетіп артылатыны тағы рас», - депті Еркін Тәтішев.

Еркіннің айтуынша, 2017 жылы Мұратхан Тоқмадидің күнделігі табылған екен. Тоқмади сол жерде Ержан Тәтішевтің сеніміне қалай кіруі керектігі мен алдағы жоспарлары жайлы жазған.

«Тергеушілердің өздері аң-таң болды. Иә, қатырып ештеңе жазбаған. Тоқмади Түргенов емес қой енді. Дегенмен, нақты уақыты, аңға шығуы, банктен несие алуы т.с.с. жоспарлары жазылған», - дейді марқұмның інісі.

Еркіннің айтуынша, бұлтартпас дәлелдер келтірілген соң, Мұратхан Тоқмадиге кінәсін мойындауға тура келген. Тіпті, шынайы тергеу, тексеріс Ержан Тәтішевтің қазасынан 6 жылдан кейін ғана қолға алыныпты.

«2008 жылы мағын офицерлер келіп: «Еркін, біз бұл істі тергемекпіз. Білеміз, бұның артында комитеттің адамдары тұруы мүмкін» деді. Мен сол кездің өзінде-ақ, істің артында Дүтбаевтың тұрғанын сездім. Ол жеке бастың шаруасы емес, оған Ержанды өлтіру туралы тапсырыс түскен. Ол тіпті 2002 жылы Ержанды өлтіруге бекінген. Ол кезде Әбләзов түрмеде отырған. Бұл оған алиби болатын еді», - дейді.

Оған қоса, Еркін Тәтішев Әбләзов, Дүтбаев және Жәкішев үштігі жайлы да айтып беріпті.

«Дүтбаев пен Жәкішев жақсы дос болған. Сосын Жәкішев Дүтбаев пен Әбләзовтің қарым-қатынас орнатуына себепші болды. Ол кезде Мұхтар Қазатомпромда қызметте еді. Өзінің мансабын да пайдаланған», - дейді Тәтішев.

Тәтішевтің туғандары не үшін осы күнге дейін үндеген жоқ? Еркін Бас прокуратура мен ҰҚК басшылығына азырданып, істі ашуын талап еткені жайлы айтты.

«Бұл жерде мәселе Әбләзов емес, Дүтбаев жайлы. Ол Әбләзовті қалқан қаруы тұтты. Оған қанша рет көмектесті. Күйеубалаларын жіберді. Шынында ҰҚК бұрынғы басшысына іс қозғау үшін адамға батылдық керек. 2016 жылы басшылыққа Кәрім Мәсімов келгеннен кейін істің ауаны өзгере бастады. Мәсімов саяси ерік-жігері бар адам. Мен қайта шағымдандым. «Біз көрейік. Істі қараймыз» деп жауап берді Мәсімов. Әрі қарай, уақыт пен ресурстың, техниканың, дәлелдерді табудың жолы ғана қалған. Құдайға шүкір, тапты. Ал не үшін өлдірді дегенге келсек, жауабы қарапайым. Ол барлығынан айырылған», - дейді Еркін.

Айтпақшы, қайтыс болған Ержан Тәтішевке түрмеге түсер алдында Әбләзов БТА банкті аударып беріп, кейін қайтарып беруін сұраған. Оған көнбеген Ержанды тапсырып беріп өлтірткен деген болжам айтылған еді. Еркін бұл жайлы да өз пікірін айтыпты.

«Бұл Мұхтардың өзі таратып жүрген қауесет. Ол саяси сұқит. Ол кез келген фактіні алып, өзіне ыңғайластырып алады. Өтірік айтудың шебері. Ержан жайлы не демеді осы күнге дейін», - дейді.

Бауырының қазасы болған күн туралы Еркін былай дейді:

«Ержанды моральды түрде күйдіру туралы  тапсырма болды. Адам шаршаған кезде демалғысы келеді ғой. Ал менің бауырым аңшылықты жақсы көретін. Ал ол жақта қақпан дайын тұрған. Тіпті, Мұратханға 2 миллион төлеген. Ақша қалтада. Енді істі тындыру ғана қалған», - дейді Еркін Тәтішев.

«Бұл оқиға желтоқсанда болды. Ал қыркүйекте менің үстімнен жасырын іс қозғапты, Дүтбаев. Сөйтіп, Ержанды өлтірген соң, мені бұғаттамақ болған ғой. Мен мұны түсіндім. Қазір бірдеңе десем, бітті, күйіп кететін түрім бар. Сондықтан, уақыт келгенін күтіп жаттым. Бұл жүйелі түрде, егжей-тегжейлі есептелген жұмыс. Бұл туралы мен де, менің марқұм бауырым да білген жоқпыз. Осының барлығының артында Дүтбаев тұрды. Сондықтан, біз ертерек тергеуді талап ете алмадық. Бұл мүмкін емес еді. Біз әділдік орнауын 14 жыл күттік», - деп түйіндейді Еркін Тәтішев.

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5443