Дүйсенбі, 21 Қыркүйек 2026
3897 3 пікір 19 Сәуір, 2018 сағат 08:35

Трамп пен Ким Чен Ын кездесуі үшін 9 қала қарастырылып жатыр

АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен Тайланд, Сингапур, Моңғолия немесе Еуропа қалаларының бірінде кездесуі мүмкін. Осылай деп Bloomberg агенттігі дереккөзіне сүйеніп хабарлайды.

Дональд Трамп алдында маусым айының басында жоспарланған Ким Чен Ынмен кездесу үшін, бес қаланың бірін қарап жатқанын айтқан. Саясаткерлер Солтүстік Кореядағы ядролық қаруды талқылауы мүмкін. Bloomberg дереккөзінің мәліметіне қарағанда, кездесуге ыңғайлы жерлер ретінде Прага, Варшава, Хельсинки, Стокгольм, Осло және Женева кіреді.

Мұнан бөлек Трамп әкімшілігі Ұлан-Батыр, Бангкок немесе Сингапурді де қарастырып жатыр екен. Bloomberg-тің жазуынша, Оңтүстік және Солтүстік Корея мен Қытай аумағы келіссөз жүргізетін елдер қатарынан о бастан алынып тасталған.

Дональд Трамп наурыз айында Ким Чен Ынмен кездескісі келетінін мәлімдеген. Оған дейінгі америкалық президенттер Солтүстік Корея басшыларымен ешқашан кездескен емес. Кездесудің дәл уақыты, орны әлі белгісіз. 18 сәуірде ЦРУ директоры Майк Помпео мен Ким Чен Ын Солтүстік Корея аумағында құпия кездескені жөнінде хабар тараған.

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1356
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2936
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1008
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 948