Жұма, 29 Наурыз 2024
Жаңалықтар 3662 0 пікір 31 Қаңтар, 2011 сағат 07:17

Назарбаев 7-шi қысқы Азия ойындарын ашты

Астана. 30 қаңтар. ҚазТАГ - Елена Преображенская. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Астанада «Астана Арена» стадионында 30 мың көрерменнің алдында 7-ші қысқы Азия ойындарын ашық деп жариялады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Қысқы Азия ойындарын ашық деп жариялаймын», - деп мәлім етті Қазақстан президенті.

«Ойындардың ұраны: «Мақсаты бірдің - рухы бір». Бүгін Еуразия кеңістігіндегі бейбітшілік пен келісімнің берекелі бесігіне баланған Астанада олимпиада алауы жағылды», - деді Н. Назарбаев жексенбі күні салтанатты рәсімде.

Салтанатты шарада сөйлеген сөзінде президент «спортта шекара жоқ, ол халықтарды бауырластырады» деді. «Биылғы жылы қысқы Азия ойындары тарихында алғаш рет қатысушы елдердің саны жиырма жетіге жетті. Мыңға жуық спортшы спорттың 11 түрі бойынша жарыс жолына шығады», - деді ол.

«Біз Азиаданы Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына арнаймыз. Барша қазақстандықтардың атынан сіздерді қысқы Азия ойындарының ашылуында қарсы аламын. Азия құрлығы үшін бұл жарыс биылғы жылдың ең мәртебелі спорт мерекесі екенін атап өтті. Қазақстан ТМД және мұсылман елдері арасында тұңғыш болып осы құрлықтық шараны өткізіп отыр», - деді мемлекет басшысы.

Сондай-ақ, президент шақыруды қабыл алып, ашылу салтанатына келген құрметті қонақтарға алғыс білдірді.

«Олимпиадалық ойындар бүгінде елдер мен халықтар арасындағы достықтың алтын арқауына айналды. Байырғы байтақ мекенде бізді Азиада рухы жақындастыра түседі деп сенемін», - деп атап өтті мемлекет басшысы.

Ойындардың ресми ашылуында Азияның Олимпиада кеңесінің жалауы көтерілді.

Салтанатты рәсімде Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов та сөз сөйлеп, барша қазақстандықтарды қысқы Азия ойындарының ашылуымен құттықтады

Азияның Олимпиада кеңесінің (АОК) президенті шейх Ахмад Әл-Фахад Әл-Сабах Қазақстан президенті мен қазақстандықтарға ойындарды Қазақстанның екі қаласы - Астана мен Алматыда ұйымдастырғандары үшін алғыс білдірді.

Ойындардың ашылу рәсімінде отандық және шетелдік эстрада мен опера орындаушылары өнер көрсетті, олардың арасында Лара Фабиан (Lara Fabian) және Кореяның опера әкшісі Суми Йо, Роза Рымбаева, Батырхан Шөкеев, Нұржамал Үсембаева және т.б. бар.

Азиада ойындарының алауын Қазақстан спортшыларының 7 буыны жақты: Жақсылық Үшкемпіров, Абілсейіт  Айтханов, Дәулет Тұрлыханов, Ермахан Ибраимов, Бақтияр Артаев, Жанібек Қалдыбаев, Тимур Тұрсынбаев. Алау алтын адамның дулығасы түрінде жасалған ойындардың бас құмырасын жақты. Құмыраның диаметрі - 7 метр, жапырақшаларының құлашы - 12 метр, биіктігі - 9 метр.

Азия ойындары 30 қаңтар - 6 ақпан күндері бір уақытта Астана мен Алматыда өтеді. Ұраны: «Мақсаты бірдің - рухы бір».

Азия ойындары жарыстарының жалпы бағдарламасына спорттың 11 түрі енгізілген: коньки жарысы спорты, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, допты хоккей (бенди), шаңғы жарыстары, биатлон, тұғырдан шаңғымен секірулер, тау шаңғысы, фристайл, шорт-трек, шаңғымен спорттық бағдарлау. Барлығы 69 медальдар жиыны сарапқа салынады.

0 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1564
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2259
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3538