Сәрсенбі, 16 Қыркүйек 2026
4626 0 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 08:49

"Ата Мекен" лидері Текебаев отырған бөлмеге қайта бейнебақылау орнатылған

Қырғызстанның экс-депутаты Өмірбек Текебаев жазасын өтеп жатқан №47 түрмедегі бөлмесіне қайтадан бейнебақылау орнатылды. Бұл жөнінде Жазаны орындау мемлекеттік қызметі мәлімдеді.

Аталған мекеме бейнебақылауды Текебаевтың өтініші бойынша, қауіпсіздік мақсатында қойылғанын түсіндірді.

11 сәуірде бұрынғы премьер-министр Сапар Исаковтың тікелей тапсырмасы бойынша, экс-депутат отырған бөлмеден бейнебақылау алынып тасталған. Өмірбек Текебаев бөлмесіне камера орнатылғаны 29 қаңтарда белгілі болған.

Жазаны орындау қызметі қауіпсіздік мақсатында орнаттық деп мәлімдеген. Бірақ құқық қорғаушылар бұл әрекетті айыптап, ал Текебаевтың өзі мұны күндіз-түні өзіне бақылау жасау арқылы, психологиялық қысым көрсетіп жатыр деп бағалаған.

«Ата Мекен» партиясының лидері Өмірбек Текебаев пен Қырғызстанның Оңтүстік Кореядағы бұрынғы елшісі Дуйшенкул Чотонов 2017 жылдың ақпан айында Ресей кәсіпкерінен 1 млн доллар көлемінде пара алды деген күдікпен ұсталған.

Былтыр 21 қарашада Жоғарғы сот екі саясаткерді күшейтілген режимде 8 жылға соттау туралы аудандық сот шешімін күшінде қалдырған. Сотталушылардың өздері мұның саяси астары бар деп біледі.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1253
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2778
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 901
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 849