Жұма, 22 Қараша 2024
3988 1 пікір 27 Сәуір, 2018 сағат 08:50

Армения оппозициясы Ресей әскери базасы орналасқан Гюмриде митинг өткізеді

Армения оппозициясы жұма күні Ресей әскери базасы орналасқан Гюмри қаласында митинг өткізуге ниетті. Осы себептен Ереванда наразылық акциясы екі күнге тоқтатылады деп мәлімдеді парламенттегі "Елк" фракциясының жетекшісі Никол Пашинян.

Пашинян сонымен бірге үкімет басшысы міндетін уақытша атқарып отырған Карен Карапетянмен келіссөз жүргізуге дайын екенін айтты. Бірақ ол келіссөз тек журналистердің қатысуымен өтуі керек дейді.

25 сәуір, сәрсенбі күні Пашинян Армениядағы Ресей елшісі Иван Волынкинмен кездескен. Ресей елшісі өз кезегінде Мәскеу Армениядағы саяси дағдарысқа араласпайды деген.

Ереванда 13 сәуірден бері наразылық акциясы өтіп жатыр. Ел премьер-министрі Серж Саргсян отставкаға кетті. Ол елді 10 жыл басқарған. Ол соңғы мерзімінде Конституцияға өзгерістер енгізіп, премьер өкілеттігін кеңейткен. Президенттік мерзімі аяқталғаннан кейін, үкімет басшысы қызметіне келген.

Халық наразылығынан кейін Саргсянмен бірге үкімет те отставкаға кетті. Пашинян мен оның жақтастары премьерлікке "халық атынан кандидат" тағайындалғанша, наразылық шарасын жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1461
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3228
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5295