Жексенбі, 24 Қараша 2024
Жаңалықтар 1974 0 пікір 11 Маусым, 2009 сағат 08:53

2009/2010 оқу жылына мемлекеттік білім тапсырысы бекітілді

Астана. 11 маусым. ҚазТАГ – Үкімет 2009/2010 оқу жылына мемлекеттік білім тапсырысын бекітті.

Министрлер кабинетінің басшысы Кәрім Мәсімов «2009/2010 оқу жылына республикалық бюджеттен қаржыландырылатын орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында (ҰҚК білім беру ұйымдарында мамандарды дайындаудан басқа) жоғары және жартылай жоғары білімді, сондай-ақ, техникалық және кәсіби білімді мамандарды дайындау туралы мемлекеттік білім тапсырысын бекіту туралы» қаулыға қол қойды.

Қаулы ҚР «Білім туралы» және «2009—2011 жылдарға республикалық бюджет туралы» заңдарына сәйкес қабылданды.

Соның ішінде, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім ұйымдарында техникалық және кәсіби білімі бар мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс күндізгі бөлімде 2 180 адамды құрайды. Соның ішінде медициналық мамандықтар бойынша 500 адам, техникалық мамандықтар бойынша  380 адам, ауыл шаруашылы, мал дәрігерлік және экология мамандықтарына 160 адам, энергетика – 300, мұнай ісі – 250 адам және т.б.

Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім ұйымдарында жоғары білімді мамандарды дайындауға мемлекеттік тапсырыс күндізгі бөлімде 33 840 адамды құрайды. Соның ішінде техникалық ғылымдар және технологиялар мамандығы бойынша 11 465 адам, білім - 8 075 адам, денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру - 3 500 адам және т.б.

Құжат бейсенбі күні ресми баспасөзде жарық көрді және ресми жарық көргеннен он күнтізбелік күн өткен соң күшіне енеді.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1491
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3258
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5560