Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
5900 0 пікір 30 Сәуір, 2018 сағат 11:30

Қытай компаниясы: Душанбе бізге алтын кеніштерін беруге әзір

Тәжікстан билігі Қытайға басқа да алтын кешінтерін беруге дайын.

"Шығыс Дуоба" және "Жоғарғы Кумарг" алтын кешінтерінің табысы ЖЭС құрылысына кеткен шығынды толық жаппаса, тәжік үкіметі тағы да алтын кеніштерін беруге уәде етті, деп мәлімдеді Қытайдың ТВЕА компаниясының басшылығы.

Еске салайық, Тәжікстан билігі Душанбе ЖЭС-2-ні салғаны үшін қытай компаниясына екі алтын кенішін өндіруге берген. ТВЕА қытайдың "Эксимбанкінен" 349 млн доллар несие алып, 2016 жылы қуаты 400 МВт болатын ЖЭС тұрғызды.

stcn.com сайтына сұхбат берген ТВЕА басшысы Чжан Синь тәжік үкіметінің басқа да алтын кеніштерін өндіруге келісім бергенін айтты.

Бұған қоса, Тәжікстан ТВЕА компаниясына Зидданың шығыс бөлігіндегі көмір кенін өндіруге лицензия берген. Дегенмен қытай компаниясы оны пайдасыз деп тауып, көмір кенішінен бас тартқан.

"Қазір біз Тәжікстан үкіметі мен қытайдың ТВЕА компаниясы арасында инвестициялық келесім жобасын дайындап жатырмыз. Біздің есебіміз бойынша, екі кеніштегі алтын қоры компания шығынын жауып қана қоймай, одан асып түседі", - деді энергетика министрлігіндегі дереккөз.

ТВЕА компаниясы кендегі алтын қорының көлемін коммерциялық құпияға жатқызды. Совет дәуірінде жүргізілген зерттеулерде "Шығыс Дуобе" кенінде 117 тоннадан астам алтын бары айтылған.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036