Референдумнан бас тартып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу - бұл заң бойынша дұрыс шешім - сарапшы И.Семинаторе
БРЮССЕЛЬ. 2 ақпан. ҚазАқпарат /Димаш Сыздықов/ - Президент өкілеттілігі мерзімін ұзарту жөніндегі референдумнан бас тартып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу - бұл заң бойынша дұрыс шешім.
ҚазАқпарат тілшісімен сұхбаты барысында Еуропалық халықаралық қатынастар институтының президенті Ирнерио Семинаторе осындай пікірін жеткізді.
Оның айтуынша, Президенттің өкілеттілігін ұзарту жөнінде референдумның өткізілуі Қазақстан Конституциясында айтылмаған. Осыған байланысты, ҚР Президенті заң бойынша дұрыс шешім - мерзімінен бұрын президенттік сайлау өткізу туралы ұсыныс білдірді. «Менің жеке пікіріме тоқталатын болсақ, бұл жерде саяси партиялар мен жалпы қоғамның өзі үлкен рөл атқарды. Міне қабылданған шешім сол арқылы түсіндіріледі. Әлемдегі барлық саясаткерлердің мақсаты мемлекеттің тұрақтылығын сақтау екендігін айта кету керек», - деді Ирнерио Семинаторе.

Еуропалық халықаралық қатынастар институтының президенті біздің елімізді Мысыр жәнеТунис сияқты мемлекеттермен салыстырып жүрген сарапшылармен келіспейтіндігін жеткізді. «Қазақстан легитимділіктің екі түрі арқылы ерекшеленеді, халықтың билікпен арадағы дәстүрлі келісімі бар дәстүрлі легитимділік және қоғамдағы белгілі бір пікіралуандығын көрсететін қазіргі легитимділік. Сондықтан менің ойымша, ҚР Президенті Н.Назарбаев тұрақтылықты сақтап қалуда маңызды орын алатын осы екі легитимділікті біріктірудің дұрыс стратегиясын таңдады», - деп қорытты сөзін сарапшы.