Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3014 0 пікір 2 Ақпан, 2011 сағат 04:44

Көне қаланың тарихы базардың астында жатыр

Еліміздегі барлық облыс орталықтарындағы базарларды қала сыртына көшіру мәселесі шешімін тапты деп айтуға әлі ерте.

Бүгінде облыс орталықтарындағы базарларды қаланың шетіне көшіріп, оның орнын көріктендіру мәселесі қолға алынғаны белгілі. Мәселен, Шымкенттегі көл маңындағы қаланың қақ ортасында орналасқан базар қала шетіне көшіріліп, оның орнына Шәмші атындағы саябақ ашылып, демалыс орнына айналды.

Бұрын бұл орын базар емес, "бардак" болатын. Қоқыстан көз ашпай, көлік тығыны да етектен тартқан мәселенің бірі еді. Енді ел де риза, заманауи орынға көшкен базардағылар да риза. Бірақ бүгінде еліміздегі барлық облыс орталықтарындағы базарларды қала сыртына көшіру мәселесі дәл осылай шешімін тапты деп айтуға әлі ерте.

Мәселен, Тараз­да­ғы орталық базарды басқа жаққа көшіру мәселесі әл-әзір күрмеуі шешілетінге ұқса­май­ды.

Археологтердің айтуынша, қа­зір­гі базардың астында бірнеше метр те­рең­­дікте ежелгі қаланың бірегей сәулет құ­ры­лыстары бар.

Тараз қаласының бекі­тіл­ген бас жоспарында облыс орталығында эко­ло­гиялық жайлы және әлеуметтік тұр­ғы­дан ыңғайлы орталық құру жөніндегі шаралар кешені қарастырылған болатын. Орталық базар 20 гектардай жерді алып жатыр. Осы базар аумағы да кіретін қала­ның тарихи ор­талығы құрылыс жүргізілетін ауданның бірі болып табылады.

2007 жылы "Мәдени мұ­ра" мемлекеттік бағ­дар­ламасының аясында қау­лы қабыл­да­нып, жүргізілетін архео­ло­гиялық қаз­ба­лар­дың ауданы және жұмыс­тар­ды қар­жы­лан­дырудың сомасы анықтал­ған-ды. Алай­да қаулының орындалуы түйенің етін жегендей, "толғағы піспей" ұзақ уақытқа созылып кетті. Облысқа жаңа басшы келгеннен кейін бұл істің тамырына аз-маз су жүгіре бастағандай.

Ор­талық базар биылғы жылы жаңа орынға көшіріліп, археология­лық қазба жұмыстары басталуы керек.

Қанат Бозымбаев қол астындағыларға базарды көшіру жоспарын тезірек дайындау туралы пәрмен берген болатын. Жаңа "сценарий" бойынша, ор­талық базар биылғы жылы жаңа орынға көшіріліп, археология­лық қазба жұмыстары басталуы керек. Бірақ көптеген кедергінің кесірінен бұл мәселенің шідері шешілер түрі жоқ. Жуырда қаладағы базарлардың әкімшіліктері жиын өткізген болатын. Осы жиналыста базарды көшіру мәселесінің бүгін-ертең шешілмейтіні, әлі де біраз жылға шегерілгені хабарланыпты. Ал қала­лық әкімшілік­те­гілердің айтуынша, базарларды көшірудің мерзімі өзгертілмеген.

Хибат Асқарбеков, қалалық кәсіпкерлік жә­не ауыл шаруашылығы бөлімінің бас­ты­ғы:

- Қазір жаңа базар орналасатын аумақтағы жер телімдерінің қожайын­да­рымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ондағы барлық жер телімдері сатып алынды деп айтуға әлі ертерек, ол жер­лер­дің кімдерге тиесілі екендігін және олар­дың қалай сатып алынатындығын анық­тау керек.

Алдымен қалалық әкімдік жаңа базар­ орналасатын жерде айналма жолдар салу және инженерлік коммуникациялар тарту тұрғысынан ең тиімді нұсқаны анық­тауы қажет. Бұдан кейін осы мәселенің бәрі қала басшылығы мен базар басшылығымен бірлесіп шешілетін көрінеді. Орталық ба­зар­дың орнында қазба жұмыстарын жүр­гізіп, ашық аспан астындағы мұражай ұйым­дастыру идеясы шетелдік туристерді кеңінен тартатын жамбылдық брендіге негізделіп отыр...

Базар дегенің - "тірі ақша", айына - миллион, жылына миллиард теңге сауын сиыр­дай құйылып жататыны белгілі. Қазан айында "Караван" базарына жүргізілген тексеруден анықталғаны: мұнда 2 276 сау­да нүктелері, 1 760 сауда қатары, 431 кон­тейнер, 72 дүңгіршек, бес асхана бар екен. Ай сайынғы жалдау ақысы әр сауда қатарынан - 2 300 теңге, контейнерден - 6 мың мен 30 мың теңгенің аралығы, дүңгіршек - 16 мың мен 38 мың тең­генің аралығында. "Каравандағы" бір ай­лық кіріс көзі 11 миллион 363 мың тең­гені құрайды.

Осындай тексеру "Еркебұлан" базарында да жүргізілген. Ешқандай қар­сы­лықсыз. Ал тексеруші органдарға "Тө­лебай" базары тұмсық батпас қалың орман болып тұр. "Орман қожайын­да­ры­ның" әзірге әл берер түрі жоқ. Тексеру комис­сиясының қолында қалалық Салық басқармасының прокуратура органдарында тіркелген тексеруге құқық беретін қағаз­дары болған. Алайда базар қожайын­да­ры олардың базарға тексеру жүргізуіне рұқсат бермеген.

Жергілікті билік өкілдерінің жуық арада базарды жаңа орынға көшіру туралы бұй­ры­ғына базар басшылары да, қатар­дағы саудагерлер де миығынан күле қарайды.

Биылғы жылдың бюджетін бекітерде Жамбыл облыстық мәслихатының кезектен тыс өткізілген XXX сессиясында депутаттар ар­хео­логиялық қазба жұмыс­тарына деп 30 миллион теңге бөлуге дауыс берген болатын. Жыртық ауызға жы­рық қасықпен су құйғандай, аз-маз бө­лін­ген ақшаның жетпей­тіні анық. Әлі ол ақша нақты іске жұм­сала ма, жоқ, игерілмей бюджетке кері қайтарыла ма - ол жағы әзірге көр тұман. Ал басты мәселе базар басшыларында болып тұр. Жергілік­ті билік өкілдерін базар маңына да жолат­пай отырғандар базарды жаңа орынға көшіруге тіптен келіспесі анық. Осылайша базар басшылары мен жергілікті билік ара­сындағы текетірестің немен аяқталары бел­гісіз болып тұр.

Тарихи деректер бойынша көне Тараз бен Әулиеата бекінісі қала орталығындағы ірі көшелердің астында жатқаны белгілі.

Дәл осы аумақта бүгінде бір жағы - "Шахристан", екінші жағы - "Дүйсебай", ортасында "Төлебай", "Еркебұлан", "Назар", "Ателье", "Райхан" және "ТРТ" атты ірілі-ұсақты 20-дан астам базар орналасқан. Осы базарлардың айнала­сын­да­ғы тұрғын үйлерді көшіру мәселесі де, салық төлеп отырған халықтың жағ­­дайы да назардан тыс қалмауы тиіс.

Қаншама жылдардан бері дауға та­мызық болып келе жатқан базар мәселесі бүгін-ертең шешілмейтін сы­қыл­­ды. Әлі қаншаға созылары тағы белгісіз. Тарих пен базар таразының қос та­бағына тартылып тұр. Қайсысы басым түсетіні - төреші уақыттың еншісінде.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377