Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон Собирдің денесін туған еліне жеткізіп, Душанбеге жерлеуді дипломаттарға тапсырған.
Собир поэзиясы 1970-1980 жылдары танымал болды. Ол 1980 жылдардың соңында Совет лидері Михаил Горбачевтың қайта құру реформасынан кейін, Тәжікстанның демократиялық партиясы қатарына кіреді.
Собирдің өлеңдері бүгінгі күні ағылшын, неміс, испан және орыс тілдеріне аударылған. Бозор Собирдің шығармалар жинағы Ауғанстанда және Иранда жарық көрген.
1993 жылы Тәжікстанда Азаматтық соғыс кезінде Собир ұсталып, әлеуметтік араздық туғызды деген айыппен сотталған. Бірақ ол түрмеде тоғыз ай отырып, халықаралық құқық қорғаушылардың көмегімен бостандыққа шықты. Осыдан кейін ол АҚШ-қа көшіп кетеді.
Abai.kz