Бейсенбі, 31 Қазан 2024
Рухани жаңғыру 5147 8 пікір 7 Мамыр, 2018 сағат 19:11

Нұрсұлтан Назарбаев: «Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді»

 

Отан қорғаушылар күніне орай ҚР ҚК Жоғарғы Бас Қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбыл облысындағы «Отар» әскери базасының аумағында жауынгерлік парадқа қатысты. Парадқа барлық облыстың әкімдері де келіп қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев парадтың шымылдығын ашты. Елбасы қазақстандықтарды Отан қорғаушылар күнімен құттықтады.

«Қымбатты қазақстандықтар, сардарлар мен сарбаздар! Қадірлі ардагерлер! Баршаңызды Отан қорғаушылар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Баһадүр бабалар Ұлы Даламызды ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғап, бізге аманат етіп қалдырды. «Ұранды елдің ұрпағы айбарлы келеді» деген дана халқымыз. Бүгінгі айбынды армиямыз үшін елдің тыныштығын сақтап, Тәуелсіздіктің қорғаны болу мәртебелі зор міндет. Жаужүрек жауынгерлердің көтеретін жүгі ауыр. Бірақ ол абыройлы борыш, қастерлі парыз. Қарулы Күштеріміз – халқымыздың сенімді тірегі, мемлекеттің берік қалқаны», - деді Нұрсұлтан назарбаев.

Жауынгерлік парадқа 300-ден астам әскери техника, 40-қа жуық авиация техникасы тартылды. Армиялық бөлімшелер әскери техниканың заманауи үлгілерін іс жүзінде қолдану тәсілдерін көрсетті.

Парадта сөз алған Елбасы Қазақстан барлығына дайын болу керектігін атап өтті.

«Қазақстан төнген қауіптің бетін қайтару үшін дайын болу керек. Мемлекет армиямыздың нығаюы әлеуетіне барынша қолдау жасап, ерекше назар аударуда. Жүйелі түрде соңғы буынды қару мен әскери техника үлгілерін сатып алу жүргізілуде. Сондай-ақ бірқатар маңызды жауынгерлік техника мен құралдар түрін өндіру табысты игерілді. Әскери басқару жүйесі жаңғыртылуда. Біздің мақсат - қазіргі заманғы, мобильді, жоғары кәсіби білікті армияны құру», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

 Abai.kz

8 пікір