Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4685 0 пікір 10 Мамыр, 2018 сағат 08:40

Әскерге ән ұсыну дұрыс па?

Қ.Рахымның "Мен - қазақпын" әніне қатысты айтыс жүріп жатыр. Дұрыс қой. Біреулер "қырт ән" десе, біреулер "хит ән" дейді. Біреулер Н.Өнербаевтың "Егемен Қазақстан" деген әнін парадта айтатын ән ретінде ұсынып жатыр.

Әскерге ән ұсыну дұрыс па? Дұрыс, алайда қандай ән ұсыну керек, мәселе сонда. Кезінде әнұранымыз туралы да көп әңгіме болды емес пе? Бірақ ұсынылған ән, бұрынғы әнұран емес, халықтың өзі сүйсініп орындайтын "Менің Қазақстаным" әнұран болып шыға келді. Кезінде оны "гимнге жарамайды" деген мықтылар осы ән айтылғанда орнынан тік тұрып, қолын кеудесінің сол жағына қойып, жыламсырап қайталап жүр.

Расында да, Нұрлан айтқан ән жаман емес екен. Сөзі де орнықты. Бірақ осындай патриоттық әндер неге көп айтылмайды? Айтылса да неге тез ұмытылады? Өйткені бір-біріне ұқсас, әуені де, сөзі де, орындаушылық шеберлігі де. Бір арнадан шықпай, тік тұрып айтатын әндер ғой. Ептеп ойнақылық та керек, бұл билеп кету, әннің арнасынан асып-төгілу немесе Отан, елім, жерім дегенді қайталай беру емес. Сөзімен де, әуенімен де ертеңгі ел қорғаны, болашақ сарбаздардың жүрегін толқытатын ән болуы керек. Ол сонда ғана өміршең, сонда ғана жастардың сүйікті әніне айналады.

Дүрәлі Дүйсебайдың Facebook-тегі парақшасынан

Abai.kz ақпараттық порталында жарияланған мақалаға пікір айтып, ойыңызды білдіргіңіз келсе,мына парақшаға жазып қалдырыңыз!

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415