Жұма, 2 Қазан 2026
3531 4 пікір 14 Мамыр, 2018 сағат 09:58

Елбасы Махатхир Мохамадты Малайзия премьер-министр болып сайлануымен құттықтады

Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадты Парламент сайлауында «Үміт альянсы» коалициясының жеңіске жетуімен және Малайзия Премьер-Министрі лауазымына тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлайды "Абай ақпарат" порталы, Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Сайлау нәтижелері Сіздің парасатты басшылығыңызбен Малайзияның келешекте жаңа белестерді бағындыратынына халықтың сенім артып отырғанын көрсетті. Бұған Сіздің 1981-2003 жылдарда Малайзияның қарқынды дамуына қосқан өлшеусіз үлесіңіз дәлел бола алады.

Қазақстан мен Малайзия арасындағы достық қарым-қатынас жылдан жылға нығайып, жан-жақты өркендеп келеді», – делінген жеделхатта.

Сондай-ақ, Мемлекет басшысы екі ел арасындағы жемісті ынтымақтастықтың одан әрі дами беретініне сенім білдірді.

Соңында Нұрсұлтан Назарбаев Махатхир Мохамадқа жауапты лауазымда табыс, ал Малайзия халқына бейбіт өмір мен бақ-береке тіледі.

Abai.kz

4 пікір

Үздік материалдар

Ғылым-білім

Наука действия – от теории к практике

Алмаз Ещанов 339
Мәдениет

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 365
Аласапыран

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 491