Жұма, 22 Қараша 2024
Құйылсын көшің 7484 0 пікір 14 Мамыр, 2018 сағат 11:17

Ағайын араша сұрайды, Әбдірахманов мырза!

Қытай Үкіметінің ондағы аз ұлттарға ашық жасап жатқан саяси қудалаулары жайлы баспасөзде жиі айтылып келеді. Әсіресе, Шыңжаң өлкесіндегі қазақтардың жергілікті билік тарапынан түрлі қысым көріп, қамауға алынып жатқаны дәлелденді, бүгінде.

Саяси қысым Қытайда тұратын қазақтарға ғана жасалып жатқан жоқ. Қазақстанға келіп-кетіп жүрген ағайын да, Қазақстан азаматтығын алған қазақтар да қуғын-сүргінге ұшырауда. Екі ортада отбасылар ажырап қалып жатыр. Өкінішті десек те, рас.

"Abai.kz" ақпараттық порталына үлкен үміт артып, дұғай-дұғай сәлемін жолдап жатқан ағайын азаймай тұр. Солардың бірсыпырасын өткен жолы жарияладық.  Олардың жағдайымен толық танысамын десеңіздер, мына сілтемеден қарасаңыздар болады.

Бүгін араша сұраған ағайынның бірнеше бейне хатын жариялағанды жөн көрдік.

Әмен Сарина

;feature=youtu.be

5 баланың анасы. Шығыс Қазақстан облысы, Қалбатау ауылында тұрады. Жолдасы 2017 жылдың қыркүйек айының 20-күні Қытайға кеткен. Сол жақта белгісіз себептермен сақшылар құжатын тартып алған болып шықты. 8 айдан бері отбасының қамқоршысыз отырған көп балалы ана еріксіз көзіне жас алып, жоғары жақтан көмек сұрады.

 

 

Майра Өмірзаққызы

;feature=youtu.be

Жолдасы Қытай елінде. Саяси үйрену деп ұстап әкеткен екен. Содан бері, еш хабар жоқ.  Ол қытай азаматы. Себебі, сол жақтың автобусын Өскеменге жеткізіп жүрген екен.

Айқынгүл Кәдірғазықызы

;feature=youtu.be

Қарағанды облысы, Абай ауданы, Сарыапта ауылының тұрғыны. 2 баласы бар. Күйеуінің Қытай еліне кеткеніне 6 айға жуық уақыт болған. Күйеуі інісінің үйінде, құжаттарын тартып алғандықтан да шарасыз күйге түскен.

Ләззат Қайса

;feature=youtu.be

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданында тұрады. Ата-анасы 2017 жылы желтоқсан айының 8-і күні емделуге кеткен екен. Содан, олардың құжаттарын тартып алды. Жастары 70-ге таяп қалды. Ата-анасының Қытай елінде жататын да жерлері жоқ.

Қабде Гүлсара

;feature=youtu.be

Қазақстан Республикасының азаматы. Алматы облысы, Ақсу ауданы, Жансүгіров ауданының тұрғыны. 2017 жылы Қытайға жұмыс бабымен кетіп, әлі оралмаған екен. Құжатын тартып алып, қайтармаған.

Түйін. Біз Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі араша сұраған ағайынның мәселесін бақылауға алып, екі ел арасында орын алған осы келеңсіздікті дипломатиялық жолмен шешеді деп сенеміз.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1452
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3216
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5237