Сенбі, 26 Қыркүйек 2026
5581 30 пікір 17 Мамыр, 2018 сағат 11:18

Президент Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқару құқық беретін заң жобасы мақұлданды

Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды. Мақұлдаған әм заң жобасын қараған Мәжіліс депутаттары. Бұл туралы  Sputnik Қазақстан хабарлады.

Аталған заң жобасына сәйкес, Қауіпсіздік Кеңесі ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, конституциялық құрылысты, мемлекеттік тәуелсіздікті, аумақтық тұтастығын қорғау мақсатында ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілетін қамтамасыз ету саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыруды үйлестіретін конституциялық орган болып табылады.

Сондай-ақ, Қазақстан Республикасының Әділет министрі Марат Бекетаев Назарбаевқа Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқық беретін заң жобасы өткен жылы белгіленіп қойғанын түсіндірді.

Сонымен, «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы туралы» конституциялық заңға енгізілген өзгертулерге сәйкес тұңғыш президент «өзінің тарихи миссиясына байланысты» Қауіпсіздік Кеңесін өмір бойы басқаруға құқылы.

Айта кетейік, 2017 жылдың желтоқсанында Назарбаев қол қойған түзетулерге өзгерістер енгізілді.

Abai.kz

30 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1511
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3127
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1120
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1044