Жұма, 4 Қазан 2024
Қоғам 6807 73 пікір 18 Мамыр, 2018 сағат 11:07

Нұрсұлтан Назарбаев: Қазақстанда кедейшілік 13 есеге азайды

Қазақстанда кедейшілік 13 есеге төмендетілді. Бұл туралы Global Challenges Summit 2018 форумында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстан белсенді әлеуметтік саясатты жүзеге асыруда. Бұл бағытта кедейшілік 13 есеге төмендетілді, яғни 40 пайыздан 3 пайызға дейін. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайыздан төмен», - деді Президент.

Сонымен қатар Мемлекет басшысы биыл Қазақстанда Бес жаңа әлеуметтік бастаманы жүзеге асыру жұмыстары қолға алынғанын еске салып өтті.

«Бұл бастамалар қолжетімді баспанамен, сапалы жоғары біліммен қамтамасыз етуге, шағын және орта бизнесті қолдауға, салық салудағы әділдікке, қоршаған ортаны жақсартуға бағытталған. Осы қадамдар ел тұрғындарының әл-ауқатын тұрақты дамытуға әрі жақсартуға ықпал етеді», - деді Елбасы.

Abai.kz

73 пікір