Жұма, 29 Наурыз 2024
Күбіртке 4765 13 пікір 18 Мамыр, 2018 сағат 11:48

Антиамерикандық көзқарас қалыптастыру кімге тиімді?

Жуырда Алматы мен Астана бастап, еліміздің бірқатар қалаларында митинг өткен. Сонда біраз жұртты полиция ұстап әкетті. Осы оқиғадан кейін, «Азаттық» тілшілері Парламенттегі депутаттарды сөзге тартып, пікір сұрапты. Мәжіліс дәлізіндегі кезіккен депутаттардың кейбірі үндемей құтылса, енді бірі «демалыстан келдім» сытылыпты. Тағы бірнеше мандат иесі өз пікірлерін білдірген. Соның ішінде біздің құлағымызға түрпідей тиген  сөз – Мәжілістің коммунист депутаты Владислав Косарьевтің сөзі болды.

Ол былай дейді: «Осы күні ме? Қарайды ғой. Егер құқық бұзған әрекеттер болса, жазаланады. Ал оған не істеп аласың? Мемлекетті қатаң тәптіппен ұстау керек. Егер бізде әркім ойына келгенін істеп, айтқысы келетінді айта беретін болса, біз елді ыдыратып тынамыз. Батыс елдеріне, әсіресе, Америкаға керегі де осы».

Бұл Ресей Думасының дүмше депутаттарының немесе Кремльдің айтағымен ғана үретін сасық ауыз саясаткерсымақтардың сөзі емес, Тәуелсіз Қазақстанның білдей бір заң шығарушы органында қызмет істейтін ардагер депутаттың дегені.

Тәуелсіз Қазақстан Республикасының Мәжілісінде депутат болып отырған Владислав Борисовичтің бұлай сөйлеуі, ең әуелі, қит еткенге АҚШ пен Батысты айыптап, айтақпен абалап, шыжынданғанда шалбарын сулап отыратын про-путиндік әм про-ресейлік пиғылдағы саржағал саясаткерлердің сөзіне саяды.

Ал Владислав Косарьев деген кім? Аз-кем ақпар біле отырыңыздар.

Владислав Косарев – Қазақстанның Коммунистік халық партиясы Орталық комитетінің құрметті Хатшысы. Мәжіліс депутаты.

1937 жылдың қарашасында туған. Жасы толық 80-де. Сәбет заманында Ресейдің Омск қаласында ауылшаруашылық институтын оқыған.

1990-2004 жылдары – ІІ-сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болды. Ол кезде депутатты халық сайлайтын. Әр кандидат ел-елді, жер-жерді аралап, округтерден дауыс жинайтын еді. Владислав Борисович Ақмола облысының № 1 округінен сайланған сол кезде. 2004-2013 жылдары Коммунистік халық партиясының басшысы болды.

2012-2016 жылдары - V-сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып тағайындалды. Бұл жолы ҚКХП тізімі бойынша, кресло бұйырды.

2016 жылғы наурыз айында ҚКХП тізімі бойынша VІ-сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне қайтадан депутат болып сайланды.

Өзі қазір Парламенттің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі болып қызмет істейді.

Бұл кісі былтыр көктемде «Лениннің сүйегін елге әкелуді 514 мыңнан астам адам қолдайды» деп жоқ жерден байбалам шығарған еді. Содан сексенге келген Владислав жолдасты ауруханада жатса да, сөзге тартып, пролетариат көсемнің ешкімге керексіз сүйегін Қазақстанға әкелу туралы бастама көтеруінің себебін сұраған ек.

Әуелде «Кремль керексіз еткен пролетаириат көсемі Владимир Ленинің денесін Қазақстанға алдырту керек» деген.

Кейін «Бұл тақырыпты жабу керек деп есептеймін. Себебі, Ресей Федерациясы Думасындағы "Единая Россия" фракциясы Лениннің мовзолейін бұзып, денесін жер қойнына тапсыру туралы бастамасын кері қайтарды. Барлығы өз қалпында қалатын болды. Демек, енді Лениннің денесін Қазақстанға әкелудің де еш қажеттілігі жоқ» деп жауап берген еді, сол кезде.

Сонымен, тақырыпқа қайта оралайық, өзі Халықаралық істер комитетінде қызмет істейтін мәжілісмен Косарьевтің Халықаралық қарым-қатынас нормаларын ескермегені қайткені?

Ленин шалдың шіріндісіне шын ғашық Косарев Қазақстанның көпвекторлы саясатынан хабарсыз ба? Жоқ, әлде Ресей Думасының депутаттарына тән антиамерикандық дертті Владислав жолдас та жұқтырып алған ба?

Қазақстанда антиамерикандық көзқарас қалыптастыру кімге тиімді?

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Алғыс айту күні

Алғыс айту күні және оның шығу тарихы

Жомартбек Нұрман 1567
Алашорда

Қожанов межелеу науқанында (Жалғасы)

Бейбіт Қойшыбаев 2261
Ғибырат

Қайсар рухты ғазиз жан

Мұхтар Құл-Мұхаммед 3543